Синоптиктер Жаңа жылда, яғни 31-желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстан аумағында жауын-шашынсыз тұрақты ауа-райы болады. Түнде және таңғысын тұман болады.
Еліміздің батыс өңірлерінде 10-15 градус аяз, кей жерлерінде 20 градус. Солтүстік аймақтарда – 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз. Оңтүстікте 10-15, кей жерлерде 15-20 градус болады. Жаңа жыл түні жауын-шашынсыз, ашық әрі аязды болады.