Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Синоптиктер шілде айы ыстық болады деп болжады

Айдың басында белсенді циклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп жеінде найзағайлы жаңбыр және желдің күші 9-14 кей жерлерде 15-20 м/с болып, қалған аймақтарда бұршақ болуы мүмкін. Тек оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ашық ауа-райы күтілуде.

Ауа температурасы батыста түнде 15…20 жылы, күндіз 30… 35 жылы, еліміздің солтүстік, шығыс және орталықтарында түнде 13…18, күндіз 28…33 жылы, оңтүстігінде, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батысында түнде 20…28, күндіз 35…40 жылы болады деп күтілуде.

Мерекелік демалыс (6-9 шілде) күндері, Ресейдің Еуропалық бөлігінен келетін антициклонның әсерінен, бұлттардың ашылуы және ауа температурасының жоғарылауы Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз 33…38 жылы, ал оңтүстік бөлігінің кей жерлерде күндіз 42 дейін ыстық болады деп күтіледі.

Содан кейін, кезекті циклон және онымен байланысты фронтальдық бөліктердің ықпалынан, қайтадан ауа-райы жағдайының бұзылуы күтілуде. Айдың ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығуы – ауа температурасың жоғарылауына себеп болады.

Екінші және үшінші онкүндіктің соңында, күн салқындап жаңбыр жауады.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз