Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сіңісіп кетейік”. Қытайлар қазақ дәстүрімен той жасауды сәнге айналдыра бастапты (фото)

442

Іле қазақ автономиялық облысының Алтай аймағы Шіңгіл ауданындағы мемлекеттік қызметкер Дуң Шиние 15 тамыз күні қазақы үлгіде той жасады.

Хэйлунцзян провинциясынан келген қалыңдықтың айтуынша, күйеу жігіттің жұмысының қауырттығына байланысты тойды Шіңгілде өткізуді ұйғарған. Әріптестері арасында қазақтар көп болғандықтан жас жұп тойларында қазақтың ұлттық киімін киіп шыққан екен.

Бұл күнде қазақтар мекендеген өңірлерде туып өскен қытай ұлтының азаматтары қыздарын қазақша ұзатып, келіндерін қазақ салты бойынша түсіруді сәнге айналдырған.

Той салтанатында қытайлар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, атқа мініп той серуенін жасаумен қатар, беташар, шашу шашу, той дастарқанына ет тарту және үйге жаңа түскен келінге отқа май құю сияқты дәстүрлерді де орындап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз