Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
477
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.41
0.00

Сібір жарасынан өлген мал көмілген аймаққа 400-ден астам үй салынған

Сібір жарасына шалдыққан малдың қалдығы көмілген қорым орналасқан темір қоршауда ешқандай ескерту немесе басқа белгілер жоқ. Сібір жарасының бактериялары жер бетінде жүздеген жыл бойы өмір сүре алады, ал егер қорым да расымен бактериялар болса, аурудың таралуына себеп болуы мүмкін.

Мал қорымдары тұрғын үйлерден небәрі 700 метр қашықтықта орналасқан, ал санитарлық талаптарға сәйкес қауіпсіз қашықтық кемінде бір шақырым болуы керек. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оларға мұндай қорымдар жақын екенін ешкім ескертпеген.

«Мен бұл жерде 11 жыл бойы тұрып жатырмын. Бұл қоршауды бірінші рет көріп тұрмын», – дейді ауыл тұрғыны Павел Бузылев.

«2012 жылы жер телімдері бірінен соң бірі жалға берілген болатын. Бұл жерде сібір жарасының ошақтары бар екенін өткен жылдың желтоқсан айының соңында білдім. Қазір санитарлық аймақта қанша үй бар екенін есептеп жатырмыз. Біздің есептеуіміз бойынша бұл 429 үй», – дейді Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары Тұрлыбек Анықов.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз