Қанша жасырынса да, шындықтан қаша алмаған жұлдызды жұп Айқын мен Жұлдыздың құпиясын ел алдында әшкерелеуге бірден- бір себепкері болған Жұлдыз Өмірғалидың экс-продюсері Баян Мақсатқызының әрекеті болатын. Бірақ шыны ма, өтірігі ме, Баян Мақсатқызының өзі бұл жайттан хабарсыз екен.
Өткен жылы Түркия елінде бірге демалып, камераға ұсталып қалған суреттері желіде тарап кеткенімен, екі әнші де бұл қауесетті “өтірік” деп нүктесін қойған еді.
Жеке өмір туралы қойған тілшілердің сұрақтарынан жауап бере алмай, қаша жөнелетін әншілер ақырында жауап берген де сияқты. Сөзбен болмаса да, бұл жерде дәлелдемеге толы суреттер сөйлесін…
Жақында Тайланд елінде демалып келген бір топ жұлдыздардың ішінде Айқын да, Жұлдыз да, кішкентай жаңа туған сәбилері де бар. Мұны Баян Мақсатқызы байқамай түсіріп алып, желіге жүктеп жіберген. Бірақ, продюсер былай деп ақталды:
«Шынын айтқанда, мені ұстап алдыңыздар. Мен білмейтін жайт туралы айтып тұрсыздар. Суретте кімнің түсіп қалғаны есімде жоқ. Жұлдыз бізбен жұмыс жасамайды. Бірақ онымен достық-қарым қатынастамыз. Бір-бірімізді сыйлаймыз, жақсы көреміз. Жалпы, Жұлдыз – тамаша адам», – деді Мақсатқызы.
Жұлдыз-тамаша адам. Бірақ, сақтап жүрген құпиясын елге жая салған продюсер қандай адам екен? Жұлдыз не дейді?
https://kaz.365info.kz/atam-enem-ajkhyn-men-zhyldyz-omirgalidyn-otbasylykh-suretteri-shygyp-ketti-298290
Дереккөз: “Айта берсін” бағдарламасы.