Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Бензин қымбат”. Шымкенттің әкімі не істегенін білесіз бе?

Қала басшысының айтуынша, жағдай еш өзгеріссіз қалған. Тұрғындардан қоғамдық көліктің қызметіне қатысты шағымдардың түсуі толастамайтынын атап өтті.

“Яғни, біз бұл жағдайды толық бақылауға алмағанбыз. Осыған орай ендігі кезде мәселені басқаша қарастырамыз “, — деп жалғастырды өз сөзін әкім.

Қызметтік көлікті пайдалануға тыйым салу мерзімі бір айға созылады. Ол қала әкімі, оның орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық әкімдер, олардың орынбасарлары, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықтар мен мекемелердің басшыларына қатысты болады.

Қызметтік көліктердің барлығы Шымкент әкімдігінің автотұрағына қойылды. Сонымен қатар, Әбдірахымов жиналыстар мен кездесулердің санын азайтып, оның орнына қазіргі заманғы телефон және селектор байланыс құралдарын белсенді пайдалануға шақырды.

Ал қызметкерлер бұл істі қызық көрсе керек, бірден желіге автобуста тұрған суреттерін жариялап жатты.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз