Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Шымкенттік “Үсенов” бостандықта жүр және 365info-ға талабы бар

2015 жылы 22 қарашада Мұрат Танкеев Lexus 570 тізгініне орта дәрежелі мас күйде отырды. Содан кейін ол қарсы бағытқа шығып, Audi 80 көлігімен соқтығысты. Нәтижесінде бір отбасының төрт мүшесі — Дауылбаевтар отағасы, ұлы және екі немересі қаза тапты. Танкеевтің ең кіші құрбаны небәрі 1,5 жаста еді.

Танкеевтің өзі жол апатынан зардап шеккен жоқ. Қайғылы оқиға болған жерде ол өзінің ықпалды байланыстары мен бай туыстары барын айтып, қаза тапқандардың туыстарының алдында мақтанып тұрды. Жалпы ол апатқа куәгерлерінің арқасында ұсталды.

2016 жылдың 15 ақпанында Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты Танкеевке жәбірленушіге 1,5 млн теңге моральдық шығын төлей отырып, тоғыз жылға қоныс-колониясына қамау туралы үкім шығарды.

Төрт адамның өмірі үшін 1,5 млн теңге, оның екеуі бала! Танкеевтің туыстары сотта үкіммен келіспеді, қайтыс болғандардың отбасына қарғыс айтып жатты

Адал сот немесе байланыс?

Желіде бір кездері полицияға жіберілген видео “тарады”, онда әйелдердің бірі: “Менің ұлым кінәлі емес, ол ешқашан ішпеген, сол күні Алла оны ішкізіп, тізгінге отыруға мәжбүр еткен, ал өлгендер күнәлары үшін жауап берді” деп айқайлайды.

Мұрат Танкеев 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында бостандыққа шығуы керек болған. Алайда, белгілі болғандай, мас жүргізуші-адам өлтірушіге берілген тоғыз жылдың ол тек 2 жыл 4 айын ғана отырып шыққан

Енді адвокаты Закир Кураловтың айтуынша, ол отбасын құрып, жұмыс істеуде.

Танкеевтің әкесі — ықпалды бизнесмен. Ағасы — полиция полковнигі.

Танкеевтің бостандыққа шыққаны туралы біз редакциямызға 2021 жылдың 22 желтоқсанында шағым хат түскенде ғана білдік. Мұрат бізден оның қылмысы туралы “ұмытып кетуді” және ол сипатталған 2015 және 2016 жылдардағы мақалаларды алып тастауды талап етеді.

Талабы — сөзбе-сөз

“М.Б. Танкеев Оңтүстік Қазақстан облысы, Әл Фараби аудандық сотының үкімімен 15 ақпан 2016 жылы РҚ Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 бөлігімен кінәлі деп танылып 4 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқынан айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айырып, жаза қоныс колониясында өтелсін деп көрсетілген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 5-бөлімінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату негіздері көрсетілген. Соның ішінде:

ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабы 1-бөлігінде онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуді толық немесе ішінара босатылуы мүмкін делінген.

Аталған баптың 3-бөлігінде жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебімен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бір күніне бас бостандығын шектеудің бір күні есебімен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкін. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады.

Қылмыспен келтірілген залал — 1 500 000 теңге моральдық шығын және 311 364 теңге сот шығыны айыпталушы М.Танкеевпен толық өтеуіне байланысты, Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының 19 наурыз 2018 жылғы қаулысымен М.Б.Танкеевтің Оңтүстік Қазақстан облысы, Әл Фараби аудандық сотының үкімімен белгіленген жазасының өтелмеген бөлігі 6 жыл 8 ай 2 күн бас бостандығынан айыру жазасынан төрт күніне, бір айлық есептік көрсеткіш есебімен 1 462 240 теңге айыппұл жазасына ауыстырылған.

Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының 19 наурыз 2018 жылғы қаулысымен сот үкіммен ауыстырылған 1 462 240 теңге айыппұл жазасы М.Танкеевпен толық төленген.

ҚР Қылмыстық кодексінің 50-бабы 4-бөлігінде бас бостандығынан айыруға, қамаққа алуға қосымша жаза ретінде осы жазаны тағайындау кезінде, ол негізгі жазаны өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте оның мерзімі бас бостандығынан айыру, қамаққа алу өтелген кезден бастап есептеледі делінген.

“Әр адамның басынан өтуі мүмкін”

Қазіргі кезде, М.Танкеев айыппұл жазасын толық төлеу арқылы ҚР Қылмыстық кодексінің 50-бабы 4-бөлігінде көзделген жағдайлар бойынша негізгі жазадан толық босатылған.

Қазіргі кезде отбасын құрып, жұмыс атқаруда

ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес азамат өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы.

Сонымен қатар, Азаматтық кодексінің 143-бабының 2-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегін жариялауға құқылы.

ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы 2-бөлігінде адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және немесе өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру — бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзету жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген.

Жол апатынан оқиға бойынша Танкеев Мурат Берикович тарапынан орын алған жол апатының оқиғасы қасақана қылмысқа жатпайды және

М.Танкеевпен болған жол апатының оқиғасы әрбір азаматпен, лауазым иесімен, ақпарат құралдары өкілдерімен де болуы мүмкін деп есептейміз

Сондықтан, М.Танкеев өзіне қатысты, осы уақытқа дейін жарияланып жатқан ақпарат құралдарында жарияланып отырған жол апаты оқиғасы оның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер деп санайды.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, Танкеев Мурат Бериковичке қатысты жарияланған, жол апаты туралы мәліметтерді, жарияланған сайттан және басқа да сіздерге тиісті ақпарат көздерінен алып тастауыңызды сұраймыз”.

Танкеев — ерекше

Редакция атынан біз Танкеевтің тарапынан түскен қоқан-лоқы немесе тұспалына және кез-келген адам осындай апатқа ұшырауы мүмкін (яғни, мас күйінде тізгінге отырып,  екі адамды, оның ішінде екі кішкентай баланы өлтіру) деген ойына жауап бергіміз келеді.

Біз Танкеев пен оның адвокаты Құраловқа журналистермен болған екі резонанстық трагедияны еске түсіргіміз келеді. Құқық қорғаушы Евгений Жовтис пен журналист Тохнияз Кучуков өліммен аяқталған жол апаты үшін сотпен өлшенген жазаны басынан соңына дейін толық өтеген. Бірақ Танкеевтен айырмашылығы, Жовтис пен Кучуков апат кезінде сау болды. Жылдамдық режимін де, басқа жол ережелерін де бұзған жоқ. Өкінішке орай, сол апаттарда қайтыс болған адамдар түнде, яғни көру мүмкіндігі шектеулі кезеңде жолда болды.

Евгений Жовтис те, Тохнияз Кучуков та бостандыққа шығып, БАҚ-тан олардың соттылығы туралы мәліметтерді жоюды талап етпеді

Ал адвокат Құралов қол қойып, редакторға жазған хатынан ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау туралы қалың ескерту ғана емес, тіпті

редакторды жеке деректерді жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту “қаупі” туралы да айтады

Заң бәріне бірдей. Танкеев үшін де

Танкеев редакцияға үндеу жібере отырып, өзінің байланыстары мен мүмкіндіктеріне деген керемет сенімін көрсетті. 4 адам қайтыс болғаны үшін тек 2 жыл өтеп шыққан адам қазір 365info басылымын нысан ретінде таңдады.

Әрине, біз Танкеевтің “ерліктері” туралы мақалаларды жоймаймыз. Сонымен қатар, біз бұл адаммен соттасуға дайынбыз және арызын күтеміз, оның аясында біз мұндай адамның бостандыққа шығуының заңдылығы туралы мәселе көтереміз. Танкеевті босатудағы ықпалды туыстарының рөлін де зерттейміз.

“Әділ Сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының заңгері Сергей Злотниковтың айтуынша, қазір Жоғарғы Сот нормативтік қаулы дайындауда,

онда соттар, реегер олар заңды күшіне енген соттардың шешімдері мен үкімдерін келтірсе, бұқаралық ақпарат құралдарына ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау туралы талаптарды қанағаттандырудан бас тартуды міндеттейтіні нақты көрсетілген

— Бұқаралық ақпарат құралдарының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талаптар бойынша жауапкершілігі, егер БАҚ шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратса ғана туындайды, – дейді заңгер. – Танкеевпен болған жағдайда ЖКО, адамдардың қаза болуы және сот үкімі орын алды. Яғни, шындыққа сәйкес келеді. Демек, журналистерден бұл ақпаратты өз ресурстарынан алып тастауды талап етуге негіз жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз