Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкенттік таксиші жалғызбасты ананы қамыстың арасына кіргізіп, қылғындырған (видео)

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Сотталғанның кінәсі ауырлататын мән-жайлар деп тауып, прокурормен ҚР қылмыстық кодекстің 99-шы бабы, 2 бөлігінің 10 тармағына қайта ауыстырылған. Ол жаңағы басқа қылмысты жасыру мақсатында кісі өлтіру деген. Сол баптармен кінәлі деп танылды. Үкім оқылғанда 26 жастағы айыпталушы басын бір көтерген жоқ. 19 жыл беріп жатқан кезде залға жиылған  Қуанышбек Құлбековтің туыстары да жазаның ауыр боларын сезген болу керек, селт етпеді. Айта кетсек, оқиға осы жылдың басында болған еді. 40 мың теңге несиесін жаба алмай жүрген таксиші банкоматтан ақша алып тұрған келіншекті көреді. Үйіңе жеткізем деген желеумен Түркістаннан 30 шақырым жердегі Достық ауылының маңына апарады. Көлігін қалың қамыс арасына кіргізіп, сөмкенің бауымен қылғындырып өлтіріп, марқұмның 205 мың теңгесі мен смартфонын алған. Және осы телефонды сатамын деп жүріп ұсталған болатын.

Қолға түскен кезде ақталып баққан Қуанышбек Құлбеков екі аптадан соң тергеушілерге қылмысын мойындап, келіншектің мәйітін де көрсеткен. Қаскөй мен оның құрбандығының артында кәмелетке толмаған қос-қостан балалары қалды. Марқұм Әйгерім Тасболатованың жетімдерін бағып отырған жақындары 19 жыл жаза жауыз үшін тым жеңіл деп отыр. Бірақ апелляциялық шағым беретін-бермейтіндері түсініксіздеу болып қалды”,-деді судья Сәмиддин Темірәлиев

Ал жүрегі қан жылаған марқұмның анасы соттың шешімімен қанағаттанбайтынын айтты.

“Қанағаттанбаймын, 20-25 жыл берсін. Алла берсін жазасын. Құдайға тапсырдым.  Анасын іздейді жылап,келеді деп қоямыз”,-деді марқұмның анасы Дариға Айдарова

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз