Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Шымкентте өзін өзі „ұрлаған„ сабаз әкесінен 20 мың доллар талап еткен

Жәйсыз ақпарат алған жедел уәкілдер аталмыш фактіні Сотқа дейінгі істердің бірыңғай тізіміне тіркеп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабына («Бас бостандығынан заңсыз айыру») сәйкес қылмыстық іс қозғаған.

„Сол күні кешкі сағат 21.00 шамасында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмықа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кешенін жүзеге асырудың нәтижесінде Шымкент қаласы 8-ықшамауданындағы тұрғын үйдің ауласынан 28 жасар жігітті тапқан„, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу барысында полицейлер ешқандай бас бостандықтан айырудың болмағанын анықтады. Сөйтсек, мұның барлығын әкесінің қалтасын қағып, 20 мың АҚШ долларды иеленбек болған жас жігіттің өзі ойлап тауыпты. Айлакер сабаздың сөзіне сенсек, ол әлде біреулерге қомақты қаржы қарыз болып қалған көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз