Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Камераға түсіріпті…”. Шымкентте жазасын өтеуші түрмедегі былықтың бетін ашты

https://kaz.365info.kz/aldyn-ala-dajyndagan-zhambyldykh-zhattykhtyrushy-kinali-emes-327719

Байланыс құралын жеткізіп беруші жазасын өтеушілердің қызметі үшін алатын ақысының қымбат екенін айтқанда: “Біз бастық екеуміз бұл ақшаның барлығын қалтамызға тығады дейсіңдер ме? Біздің де беретін жерлеріміз бар” деп жауап қатыпты.

Видеода жазасын өтеушілер өз сөздері дәлелді болсын деп қолдарындағы бір-бір ұялы телефондарын көрсетеді. Ол аз дегендей, жабық мекемесінде карта бизнесі туралы сөз қозғайды. Сотталушылар түзеу мекемесінің қызметкерлерін құмар ойын арқылы оңай табыс тауып отыр деп айыптады.

“Жазамды өтеп жатқан кезде Жалғасбаев Ермек маған келіп, “картаға ойын ұйымдастырып, маған іштен ақша шығарып берші” деді. “Иә”деп алып алдым да, сіздерге заңсыз іс-әрекеттерін дәлелдеп беріп жатырмын. “Үштен бірін маған, үштен бірін “вор в законе”-ларға жіберіп отырасың” деді. “Иә-иә” дедім, “оларға мына новый SIM картамен звонда” деп әкеп берді. Мен ешкімге звондамай, сіздерге дәлелдеп отырмын”, — дейді жазасын өтеуші бейнежазбада.

“Біз шындықты айтып жатырмыз. Сотталғандар телефонды, картаны, героинды, анашаны қайдан алады дейсіздер? Міне, өздері ақшаға алып келіп береді.

Онда мына үш телефонды қалай кіргіземіз? Шымкент қаласы Сәуле ауданындағы ИЧ167/11 түрмесінде міне жағдай осындай” деп жанайқайын жеткізгендер түрме камераларында тұрмыстық заттар тек қағаз жүзінде деп отыр. Тамақ мәселесінде де тиісті ас-ауқат берілмейді деген түрмедегілер бейнетаспаны ҚР Жоғары соты мен Бас прокуратура, ҰҚК секілді құзырлы органдар көрсе, тексеру шараларын жүргізеді” деген үмітін жеткізді.

 

https://kaz.365info.kz/khym-toltyrgan-shygysta-asylyp-khalgan-zhas-kasipkerge-khatysty-symdykh-derektin-beti-ashyldy-327706

Төрт қабырғаның ішінде отырғандардың жанайқайына қатысты мән-жайды білу үшін Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ресми хат жолдап, жауабын алдық. Департамент басшысы Атэльбек Досмағамбетов бұл келеңсіз жағдайды жоққа шағармады. Түзеу мекемесінде тінту шаралары жүргізіліп, тыйым салынған заттар тәркіленіп алынған. Ал сотталушылар заңсыз әрекеттерін тізіп шығып, әшкере еткен мекеме қызметкерлері тәртіптік шарамен оңай құтылып кеткен.

“Бейнежазбада айтылған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде осы фактіге қатысы бар деп танылған қызметкерлер мен сотталғандарға қатысты тәртіптік шаралар қолданылды”, — деп жазылған департаменттің редакцияға берген жауабында.

 

https://kaz.365info.kz/alayakh-dejdi-tanymal-anshini-astana-men-atyrau-zhyrty-sabylyp-izdep-zhatyr-video-327724

Сондай-ақ, ішкі істер департаментіндегілер түрмедегі режимді қаскөйлікпен бұзушы деп танылған сотталғандардың бұл іс-әрекеттері арқылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің беделіне нұқсан келтірмек болғанын атап өткен. Олар болған жағдайға өкініш білдіретінін жазбаша түрде растапты.

 

 

 

 

Gepostet von Ғалымжан Жакибаев am Mittwoch, 15. August 2018

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз