Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкентте үш жасар бүлдіршін жан сақтау бөлімінде көз жұмды

Реаниматолог келіп, тағы бір дәріні қойды. Кешкі жетіде тағы дене қызуы түсіп кетті, аяқ-қолы мұздай бастады. Кезекші дәрігер ыстық шай беріп, денесіне жылытқы басу керек деді. Қызымның тыныс алуы қиындап кетті.

Реаниматологты шақырып, жан сақтау бөліміне алып кетті. Кейін бүйрегі мен жүрегі тоқтап, қайта тірілту шараларын жасайды. Екінші рет қайталағанда қызымның жүрегі шыдамапты.

Тұжырымдамада қызымның бас миы іскен, септикалық шок және сепсис деп жазған. Олар сепсисті, қанның зақымдануын қайдан шығарды? Олардың қан талдамасы дайын болып үлгерген бе?” деп жазған келіншек дәрігерлер бұл суыт хабарды сағат 00.15-те хабарлағанын атап өтеді.

Ал кейін белгілі болғандай бүлдіршін  сағат 22.40 шамасында қайтыс болған екен.

Марқұм бүлдіршіннің денесі туыстарына түнгі үштер шамасында берілген. Оның өзінде ақ халаттылар анасына дәрігерлерге шағымым жоқ деп қолхат жаздырып алған.

“Денені алу үшін ешқандай шағымым жоқ деп жазып беруім қажеттігін айтты. Өлім себебін анықтау үшін денесін кесуге бергім келмеді. Нәтижесі шынайы болатынына сенбеймін” деп ашынған келіншек.

Перзентінен қапелімде айырылып, қара жамылған ана бұл жағдай бойынша құзырлы органдарға шағым түсіргенін хабарлады. Қазіргі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

“Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бірақ уақыт жоғалған. Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен бірлесе аталған жайт бойынша қосымша тексеру жұмыстары басталды. Тексеру нәтижесі қосымша хабарланады”,-деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз