Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Шымкентте үш полицей бір жігітті ұрып-соққан

Салауат Асқаровтың тағдырын басқа арнаға бұрып жіберген оқиға осыдан екі ай бұрын болыпты. «Әкімшілік айыппұлды төлемедің» деп өзіне шақыртқан сот орындаушысы, оның ұялы телефонын тартып алыпты. Одан кейін «алимент төлемедің» деп тағы да мазалаған көрінеді. Міне, осыдан кейін екеуінің арасында түсінбеушілік туындап, Салауат айыппұлды жабуға кетіпті. Ал, ертесіне, үйіне 3 учаскелік инспектор баса-көктеп келіп, оны күшпен алып кеткен.

 

https://kaz.365info.kz/beri-shykh-dejm-almatyda-avtobus-zhyrgizushisi-sokhkhyga-zhygyldy-video-298517

 

Ұялы телефонға жазылған видеода тәртіп сақшыларының дөрекі әрекеттері байқалады. Жәбірленушінің айтуынша, оған қол жұмсаған полицейлер әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері екен. Оны облыстық департаментің баспасөз қызметі де растады. Салауат Асқаров сол күні 3 тәртіп сақшысының бірі мұны “ләңгі” етіп тепкілейміз деп, ашық қорқытқанын айтады. Көліктің ішінде жабылып, ұрып-соқты дейді. Суық далада қардың үстіне шұлықпен тұрғызып қойып, әбден тоңдырыпты. Осындай азаптаулардан кейін, 39 жастағы жігіттің талмасы ұстап қалған екен.

«Үшеуі де ұрды, қысып тұрды ғой, Асқар деген формада. Орталарына отырғызып қойды. Біреуі мойнымды қысып алған. Мына жағымда Мұғалбеков отырды қысып. МынаҮшіншісі тоқтады да, үстіме мініп алып, төбемнен ұрып жатыр” – дейді жәбірленуші Салауат Асқаров.

Адам танымастай күйге түскен күйеуін Меруерт Досболова тек бір сағаттан кейін ғана қалалық жедел жәрдем ауруханасынан іздеп тапқанын айтады. Содан кейін жолдасын ауруханаға жатқызыпты. Денсаулығын түзей алмай жатқан тұста, полицейлердің туыстары сес көрсетіп, тіпті, балағаттап кеткен екен.

“Бір тек қана Болат Сейітов емес, тергеуші, оның төбесінде біреулер қарап отыр деген тұжырымға келіп отырмын. Мүмкін емес, әйтпесе осындай жағдайда қалай ол, бір Сейітов тергеушінің өзі жауып тастай салады” – жәбірленушінің әйелі Меруерт Досболаева.

 

https://kaz.365info.kz/paterge-aldap-aparyp-almatyda-23-zhastagy-bojzhetkendi-zhigiti-men-dostary-zorlagan-video-305769

 

Осы жағдайдан кейін әлгі 3 полицейге қатысты Ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тергеп-тексеру амалдарын жүргізген. Бірақ, қылмыс құраманың болмауына байланысты іс жарты жолда қысқартылған екен.

«Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларына байланысты облыстық Ішкі істер департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеру біткен соң біз ақпаратты қосымша жариялаймыз”, – дейді облыстық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Жәбірленушілер қолдарында айғақты құжаттардың барына қарамастан, әділдікке қол жеткізе алмай жүргендерін айтады.

Оңтүстік Қазақстан облысының бүкіл құзырлы органынан әділдік іздеп таппаған бұл отбасы енді Астанаға шағымданбақшы. Сөйтіп, барлық кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуды көздеп отыр. Өйткені, 3 тәртіп сақшысының аяусыз соққысынан отағасының денсаулығы жарамай қалған көрінеді.

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз