Шымкенттегі атыс салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екі адам жарақат алып ауруханаға түсті.
Далада велосипедін жөндеп жүрген балаға байқаусызда оқ тиіп кеткен деп хабарлайды КТК телеарнасы.
“Баурыма оқ атты, мен жүгіріп бардым. Оны құшағыма алғанымда, арқамнан оқ атты. Сосын есімнен танып қалдым, кімнің атқанын көрген жоқпын”, — дейді Агит.
Полиция анықтағандай, қылмыскерлер туыстардың бірімен есеп айырысуға келеді, бірақ әуелі балаларға кез болған.
Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД ресми өкілі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, күдіктілердің саны – төртеу. Жамбыл облысы, Қордай ауданында ұсталған 31 жастағы ер адам бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталыпты. Ол кінәсін мойындап, оқиғаның себептерін айтып берді. Қазір полиция басқа күдіктілерді іздестіріп жатыр.