Шымкентте тойдың соңы атыс-шабыспен аяқталып, тіпті полицейлер зардап шекті. Кикілжің сүндет тойға жиналған қонақтар арасында шыққан.
Қуаныш үстінде ерегесіп қалған жігіттер есік алдында сөйлеспек болады. Бірақ, ашулы топтың әңгімесі жараспай біреуі травматикалық қарудан жиналғандарға қарай оқ атқан. Екіншісі алдында тұрған 39 жастағы азаматқа бірнеше мәрте пышақ сұғып алған.
Осыдан кейін көліктеріне отырып қаша бергенде оқиға орнына жеткен полицейлердің қызметтік көлігімен соғысады. Қазір бұл оқиға бойынша 5 адам ұсталып, «бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Ал, жарақат алған қонақ ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.
“Іштің алдыңғы бетінде көптеген кесілген-сұғылған жаралар анықталып, ота бөліміне жедел түрде әкелінді. Операция кезінде ішектің аш ішектің көптеген тесілген жарақаты ішіне қан кету белгілері анықталып, ішектің жарақаты тігілді”, деді Шымкент қалалық жедел-жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі.