Тосын оқиға туралы жергілікті Оtyrar.kz. телеарнасы хабарлайды.
Жойқын жол апаты 1-ақпанда, шамамен, кешкі 19:00-де Тәуке хан даңғылы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында болған.
№93 бағыттағы автобус пен №77 бағыттағы жолаушылар «ГАЗелі» соқтығысуы салдарынан орын алған жол апатынан зардап шеккендер саны көп. Қақтығысудың қатты болғаны соншалықты, тіпті, кейбір жолаушылар қоғамдық көліктердің терезесінен сыртқа ұшып кеткен.