Шымкентте жедел уәкіл абақтыда отырған әйелге күш көрсетіп, сексуалдық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды.
Іс материалдарына сүйенсек, 2024 жылдың қыркүйегінде полиция қызметкері әйел тұтқынды «анасына қоңырау шалуға апарамын» деп алдап, қоймаға алып барған. Сол жерде жәбірленушінің қарсылығына қарамастан зорлаған.
Бастапқыда жәбірленуші болған оқиғаны жария етпеген. Алайда қазан айында медициналық тексеру кезінде жүктілігі анықталып, тергеу басталды. Тергеу барысында әйел зорлық фактісін растаған.