Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Шымкентте пневмония өршіп барады, бірақ COVID-19-ға тапсырған тест теріс нәтиже көрсетуде

372
Сурет: Stokkete

Күн сайын орта есеппен жедел жәрдем қызметіне екі мыңнан астам хабар келіп түседі, бұл әдеттегіден жоғары, деп хабарлады «Хабар 24».

— Мен осы салада жұмыс істегеніме 30 жылдай уақыт болды, бұндай пневмонияны кездестірмеппін. Сондықтан халыққа айтарым, өздеріңізді қорғап, қашықтықты сақтаңыздар. Қажет болмаса көшеге шықпаңыздар, — деп атап өтті Қалалық жұқпалы аурулар бойынша мониторингтік қызметтің маманы Махаббат Тұрғынбаева.

Емханалардың бірінің бас дәрігері сара Оспанова  аталған пневмония  коронавирус жағдайы ретінде тіркелмесе де, оның вирустық табиғаты бар дейді.

— Қазіргі таралып жатқан вирустық пневмонияның қауіптілігі басқалары секілді біртіндеп емес, тез арада асқынып кетуінде. Респираторлық ауру секілді басталып, екінші-үшінші күндері вирустық асқыну басталады. Соның себебінен тыныс алу қиындайды, — деп атап өтті дәрігер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз