Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте кішкентай баланы ұрып-соққан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Департаменттің хабарлауынша, «Инстаграмм» әлеуметтік желісінде әйелдің кәмелет жасқа толмаған балаға дөрекілік көрсеткені түсірілген бейнежазба жарияланған. Аталған жайт бойынша қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп, әйелдің жеке басы және оның бейнежазбаға қатысы бар-жоғы анықталуда.

«Бірінші жайт бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және аталған бапқа сәйкес екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен (180) сағатқа дейінгі уақытқа қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасын қолдану көзделген. Әйелге қатысты тиісті сараптама тағайындалды» делінген хабарламада.

Шымкентте баласын ұрған әйел оған тағы да қол көтерді

Айта кетейік, бұған дейін Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығының әжетханасында кішкентай бүлдіршінді ұрып-соққан әйелдің бейнежазбасы тараған болатын.

Дәл осындай бейнежазбаны қала тұрғындары жол бойында да түсіріп, әлеуметтік желіге салған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз