Шымкент әкімдігі Қошқар ата өзенін қалпына келтіруге 1,2 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, тапсырыс беруші — «Шымкент қаласының жайлы қалалық орта қалыптастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Бірінші кезеңде Жангелдин көшесінен Интернациональная көшесіне дейінгі аралықты күрделі жөндеуге 626 567 196 теңге бөлу жоспарланған.
Сондай-ақ екінші кезең бойынша дәл осы бағыттағы өзен арнасын жөндеуге 628 307 814 теңге қарастырылып отыр. Осылайша, екі кезеңнің жалпы құны 1,2 миллиард теңгеден асады.