Шымкент қаласында жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып келген жүргізуші қолға түсті. Ер адам бірнеше мәрте қарсы бағытқа шығып, жол-көлік оқиғасына себеп болатындай жағдай туғызған. Сонымен қатар, ол маневр жасау кезінде тәртіп сақтамай, бағдаршамның қызыл сигналына өтіп кеткен.
Полицияның мәліметінше, бұл азамат бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған. Құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің сегіз бірдей бабымен жауапқа тартылып, заңсыз қайта жабдықталған көлігі айыптұраққа қойылған. Қалалық полиция басқармасы жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салып отыр.