Шымкентте қыздармен Интернетте танысып, оларды кездесуге шақырып, кейіннен тонап кетіп жүрген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
“Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне 28 жастағы қыз Ордабасы алаңында оған бір ер адамның жақындап, сеніміне кіріп, алтын бұйымдарын алып кетіп, оқиға орнынан жасырынып кеткенін хабарлады”, – деді полициядағылар. Жедел-іздестіру шаралары барысында 32 жастағы күдікті ұсталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты, осыған дейін сотты болған.
“Бүгінде тергеу ұсталған ер адамның тағы 8 алаяқтық дерегіне қатысы бар екенін анықтады. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша (“Алаяқтық”) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды”, – деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Дереккөз: Tengrinews.kz