Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Шымкентте болған автобустағы оқиғаға байланысты жауапты мамандар түсініктеме берді

116

Видеоны түсіріп алған автор “Әйелдерді жұлқуға қандай қақысы бар? Әкімдік қайда қарап отыр?” деп жазба қалдырыпты.

Осыған орай Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді. Мамандардың айтуынша, оқиға №65 әлеуметтік бағыттағы қоғамдық көлікте болған, деп хабарлады otyrar.kz.

Жауаптылар аталған бағытта қызмет көрсететін компания өкілдерімен хабарласып, кондуктормен де, оқиғаның куәгерлерімен де сөйлесіпті.

Кондуктордың айтуынша, автобуста аяқ қоятын жер болмағандықтан есігі жабылмай қалған. Сол шақта екі әйел түсіп қалмақшы болыпты. Оларға жолаушылардың бірі көмек көрсетпек болған.

Бірақ бұл жұлқып түсіргендей көрініп қалған. Автобустан түскен екі әйел жүргізушіге де, кондукторға да ешқандай шағымы жоқ екенін айтыпты.

Басқармадағылар бұрын бұл бағытта шағын автобустар қызмет көрсеткенін айтады. Кейін “Санжар моторс” ЖШС бағытқа 80 жолаушыға арналған жаңа автобустарды шығарған.

Қазір уақытта №65 автобус 10 минут сайын жүретін көрінеді. Сыймай қалған жолаушылардың келесі автобусты күтуіне де болар еді дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз