Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
15
USD
445
-3.00
EUR
514
-3.32
RUB
5.28
-0.01

Шымкентте «арзанға көлік әперемін» деп елді алдаған алаяқ 7,5 жылға сотталды

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚК-нің 74-бабы бойынша тағайындалған жазаны 1 жылға кейінге қалдыруды сұрады.

«Жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арыздарды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы өзіне ең төменгі мерзімде жаза тағайындауды және оны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады. Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, 3 кәмелетке толмаған баласының болуын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде – бұрын сотталғаны, әрекетінде қылмыстардың қайталануы және залалдың өтелмеуі назарға алынды. Сот, И.-ны ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, ҚК-нің 74-бабы бойынша жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдырылды», – делінген сот хабарламасында. 

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз