Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
5
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Шымкентте анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала тағы да ауруханаға түсті

Бұл бала бұл жерге келіп түскен кезде негізі шуды көтере алмайтынын байқадық. Сонда да енді бала мектеп жасына жеткеннен кейін мектепке апарып көрдік. Сабақ программасын ала алады ма, ала алмайды ма?!.

Бірақ сабақтың ортасына келгенде баланың нашарлағанын көрдік, қайта-қайта жатқаны, құсуы байқалды”

– дейді Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің дәрігер – педиатры Айгүл Симағамбетова.

Балалар үйінің педиатры Асылдың денсаулығындағы кілтипандар басынан алған ауыр соққының салдары  деп болжайды. Мамандардың айтуынша, Асылдың психикасында да ауытқушылықтар бар. Асыл өзінен кіші балаларды таяқтапты. Яғни анасынан жеген таяқ психикасына да әсер еткен сияқты.

Біз оны кіші топқа ауыстырып отырдық. Сол кезде оның кіші топтағы балаларға агрессиясы байқалды. Өйткені ол көптеген стресс алған. Әлі тексерулер керек оған. Сол жағдайда ғана бала жөнделіп, түзеліп кетеді деп біз сенеміз енді”, – дейді Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің психологы Гүлнара Исаева.

Десе де, туа бітті ауытқулар болуы да мүмкін екенін айтады. Балақайдың туғанынан бергі ауру тарихы әлі табылмаған. Айта кетейік, Асылдың анасы сот шешімімен аналық құқығынан айырылған. Ол тіпті баласынан өз еркімен бас тартқан. Қолында 1 жасар қызы бар.  Білім бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде оның тағы аяғы ауыр көрінеді.

“Анасының қолында қазір 1 жасар қызы бар. Оның анасында болып-болмау мәселесін сот шешетін болады,алдағы уақытта. Анасы тағы да өзінің айтуы бойынша жүкті болып шықты тағы да”, – дейді ОҚО Ордабасы аудандық  білім бөлімінің әдіскері Бақберген  Сәрсенбеков.

Ордабасы аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің дерегі бойынша Асылдың анасы Ақмоншақ Батталғазиева жазғызбасты. Қазір оған қатысты екі сот процесі басталып кетті. Алайда қылмысы дәлелденген күнде оның жазаланбауы мүмкін.

Оның аяғы ауыр екені рас болса, жазасы жеңілдейді. Оның үстіне қолында 1 жасар сәбиі бар, тиісінше, заңға сәйкес, жазасы онсыз да жеңіл болады. Тек шартты жаза берілуі мүмкін”, – дейді адвокат Дәуренбек Момбаев.

Асыл алдағы аптада балалар үйіне қайта оралады. Сол кезде дәрігерлік тексеруден толықтай өткізіледі. Оны мүгедектікке шығару жайы да қаралып жатыр. Мамандар  оның қазір мектепке бара алмайтынына көз жеткізген. Бірақ Асылдың еркін сөйлеп, қиындықсыз жүріп кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасамақшы. Жеті-ақ жастағы Асыл агрессияның құрбаны. Алайда агрессор анасын жазалағанның өзінде бірдеңе өзгере ме?  Қолындағы сәби мен  ішіндегі шарананы ойласаң, жүрек дүрсілдеп қоя береді…

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз