Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Шымкенте мешіттерде қалта ұрлығымен айналысып жүрген тұрғын ұсталды

Сонымен, полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы мешіттерде қалта ұрлығымен айналысып жүрген жергілікті тұрғынды ұстады. Мысалға, полиция бөліміне 27 жастағы жәбірленуші арызданған, онда мешітке барған кезінде белгісіз тұлға оның киімінің қалтасынан бағасы шамамен 30 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20-25 жастағы күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктінің шамамен 20 бөтеннің мүлкін ұрлау жайттарына қатысы барын анықтады. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәжірибе көрсеткендей қалта ұрлығының көбісі адамдар көп шоғырланған базарлар мен қоғамдық көліктерде жасалады.

Әдетте, қалта қағарлар азаматтардың бейқам не ұқыпсыздығын пайдаланып, жәбірленушілердің ұялы телефондары мен басқа да бағалы заттарын оңай жымқырып жатады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз