Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шымкент жақта боқтайтын полицей масқара болып жатыр (видео)

“Қазір аталған қызметкер еңбек демалысында. Қызметтік тексеру жұмыстары аяқталған соң, аталған қызметкер ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы №153 Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі” және 23.11.2015 жылғы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” заңында көрсетілген талаптарын бұзғаны үшін, сондай-ақ құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілігі ОҚО ІІД тәртіптік комиссиясында қаралып, оны ішкі істер органдарының қатарынан босатуы мүмкін”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, таяуда тағы бір оңтүстікқазақстандық полицейдің жүргізушімен дөрекі сөйлескен видеосы тарап, Желіде дау туғызған еді. Видеода автокөлік жуу орталығында қызметтік көлігін жуып тұрып, өзге көліктің иесін көлегейлейтін қағазы бар деген себеппен әкімшілік жауапқа тартуға оқталған полицейді көруге болады. Қызметтік куәлігінде Қасымбек Бауыржан ретінде көрсетілген полиция қызметкерінің қызметтік бас киімі жоқ екенін көруге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз