Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкент әкімі: Қаңғыбас ит пен мысықты атудан басқа түк бітірмегенсіңдер

111

«Біраз салалар бойынша орындалмау қаупі бар. Бұл өнеркәсіп саласы, кәсіпкерлік, бөлшек сауда, инвестиция, ауылшаруашылық, білім, жұмыспен қамту, мәдениет, құрылыс, транспорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында жыл қорытындысымен орындалатын обьектілер бар. Бірақ, соны қазірден талдап, тиісті өзгерістер енгізуді сұранамыз”, – дейді Шымкент қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Кенжебек Жанбосынов.

Кенжебек Жанбосыновтың мәліметінен кейін қала әкімі айыпты болған қызметкерлерін жеке-жеке тұрғызып, сұрақтың астына алды. Таяқтың бір ұшы кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы саласына тиді. Ашуға мінген шаһар басшысы кінәні бір-біріне сілтеген басшыларға қатаң ескерту берді. Жыл соңына дейін көрсеткіш жоғарыламаса, екі бөлімді біріктіремін,-деп басшыларды тығырыққа тіреді.

“Мен қазір ойланып жүрмін. Ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті қосып үлкен бөлім жасаймын ба деп. Былай қарасаңыз екеуініңде атқаратын қызметі ұқсас. Сіз ауылшаруашылығын емес, ветеринарияға кетіп қалдыңыз. Ит пен мысықты атып жүрсіз… Болды”, – дейді Шымкент қаласының әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов.

Жиын соңында Ғабидолла Рахматоллаұлы бұл мәселені тікелей бақылауына алатынын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қаржы ұйымдарымен бірлесе жұмыс жасап, бизнес саласын дамытуды тездетіп қолға алуды тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз