Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Шылым шегуден туындаған аурулардың негізгі себебі никотин емес – ғалым

732

Ғылымның басты мақсаты – қоғамдағы өмірді жақсарту. Барлық зерттеулер мен нәтижелердің, ғылыми жаңалықтардың негізгі көздегені де өмір сүру деңгейінің сапалы жаққа қарай өзгерту болып табылады. Оған адамның күнделікті өміріне инновациялық жаңалықтарды енгізудің көптеген мысалдарын келтіруге болады. Мәселен: тоңазытқыш, жеделсаты, қауіпсіздік белдігі мен қауіпсіздік көпшігі немесе мүгедектерге жүруге жәрдемдесетін экзоскелетті айтса да жеткілікті.

«Филип Моррис Интернэшнл» (ФМИ) компаниясының басты қағидасы – темекімен байланысты аурулардың қауіпін төмендететін технологияларды өз жұмысына қолдану арқылы адамзат өмірінің сапасын жақсарту. Бұл үшін компания дамыған ғылыми негіздерге сүйене отырып инновациялық түтінсіз өнімнің тұтас бір портфолиосын дамытуда.

«1880 жылдары темекі өндірісі басталғаннан бері технологиялық процесте өте аз өзгерістер орын алды», – дейді ФМИ-дің коммуникациялар бойынша аға вице-президенті Мариан Зальцман — Бірақ, соңғы жылдары технология шылымқұмарлардың ауру қаупін азайтуға көмектессе, сөйте тұра ләззат алу сезімін жоймаса қалай болады деген сауал туындады. XXI ғасыр бұған мүмкіндік берді» Бүгінде түтінсіз өнімдердің әсерін зерттеу және өңдеу жұмыстарымен ФМИ-дің зерттеу Орталығы орналасқан швейцариялық Невшателде (бұрынғы футбол алаңында салынған) және Сингапурдағы бөлімшелерінде әлемнің әр елінен жиналған 430 дан астам ғалымдар мен сарапшылар медицина, фармацевтика, токсикология, химия, биология, сияқты 30-дан аса сала бойынша еңбек етіп жатыр.

«Мен өзім де темекі шектім және оның менің денсаулығыма қандай зиян тигізгенін нақты білемін. Өйткені мен ғалыммын»,- дейді Мойра Гилкрист. Бірақ денсаулыққа төнген қауіп шылымқұмарларды тоқтата алмайды. Гилкрист ханым ДДСҰ келтірген сандарды мысалға келтіреді, ол бойынша әлемде кәмілетке толған 1,1 млрд адам темекі тартады және демографиялық өзгерістерді есепке алғанда 2025 жылға қарай олардың саны өзгеріссіз қалады.

Бұндай сандар ФМИ қызметкерлерін зияны белгілі әрі жақсы зерттелген темекінің балама түрін іздеуге мәжбүрлейді. Иә, темекі шегу дағдылануды және көптеген аурулардың пайда болуына себеп болады дейді ФМИ. Алайда, темекі шегуден туындаған аурулардың негізгі себебі никотин деген сөз, бұл тек мәңгі аңыз ғана. «Бұл олай емес, мәселе никотинде емес. Никотин темекіде табиғи түрде бар, әдетте барлық никотин табиғи көздерден келеді: темекі де, басқа да өсімдіктерде, мысалы, баклажан немесе картопта кездеседі », – дейді Гилкрист ханым. Никотин әрине зиянсыз емес, ол дағдылануға әкеп соғады, бірақ темекіге байланысты аурулардың негізігі себебі болып табылмайды. Мәселе жанатын өнімдерде жатыр, ондаған жылдар бойғы зерттеулерге қарағанда дәл солар темекіге байланысты аурулардың негізгі себебі болып табылады.

Сондықтан ФМИ оған IQOS жылыту жүйесі кіретін қаупі төмен өнімдерін дамытуда. Компанияның міндеті – темекіге жағуды қолданбайтын никотин жеткізу жүйесін құру. ФМИ-дің түтінсіз өнімдер портфолиосында IQOS тан бөлек, электронды темекі, сондай-ақ никотинді жеткізу жүйесіне балама басқа да никотинді өнімдер бар.

ФМИ компаниясының қызметкерлеріне жылыту аурулардың қаупін төмендетеді және жанудан гөрі ағза үшін әлдеқайда жақсы деген сенім қайдан келеді? Жауап компанияның жылдар бойы жүргізген ғылыми зерттеулерінің қорытындысында жатыр.

Өндіруші зерттеу жұмыстары үшін қаражат аямайды. Мысалы 2008 жылдан бастап ФМИ қауіпі төмен темекі өнімдерін дамытуға, маркетингке және коммерцияландыруға 5 миллиард долларға жуық қаржы жұмсады.

ФМИ-дің ғылыми зерттеу портфелінде қазірдің өзінде 3,4 мыңнан астам патент бар, 5 мыңнан астамы мақұлдауды күтуде. Бұл жағдай компанияға Еуроодақтың 100 ірі патент иегерлерінің ішінде 58-ші орынды иеленуіне және осы тізімде жалғыз темекі өндірушісі ретінде болуға мүмкіндік береді.

ФМИ ғылыми бағалау бағдарламасы химия, биология, информатика, медицина саласындағы сараптамаға негізделген және жұмыс әдісі фармацевтика өнеркәсібінің практикасына сай. АҚШ-тың U.S. FDA (АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмектерді басқару жөніндегі басқармасы) темекі өнімдері орталығында жарияланған нұсқауларға сәйкес келеді. Бағдарлама ФМИ-дің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйене отырып жасалған. Сонымен қатар, компания өз зерттеуін құпия ұстамайды: барлық зерттеу нәтижелері мен олардың негізінде жасалған жұмыстар PMIScience.com немесе Sbvimprover.com секілді арнайы құрылған ресурстарға жарияланып отырады. Оған қоса, биология саласындағы зерттеулер барысында алынған әдістер мен деректерді дербес тексеру үшін краудсорсинг платформасы қолданылады. Зерттеу нәтижелері әлемдегі ең танымал ғылыми журналдарда жарияланатын болады. Компанияның барлық клиникалық зерттеулері ClinicalTrials.gov порталында тіркеледі. Осылайша, сарапшылар қауымдастығы ФМИ-де ғылыми салада болып жатқан барлық мәселелерді ашық талқылайды және тәуелсіз зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

ФМИ-де өткізілетін қаупі төмен өнімдер бойынша ғылыми жұмыстарды бес ірі деңгейге бөлуге болады. Олар: “Негізгі зерттеулер”, “Токсикологиялық бағалау”, “Клиникалық бағалау”, “Қабылдау мен мінез-құлық” және “Ұзақ мерзімді бағалау”.

2017 жылдың шілде айында Андре Калантзопулос “Ең күрделі мәселе ол – бір өнімнің екінші өнімнен токсикалық жағынан сапалырақ екенін түсіну” – деген еді. Фармацевтикада клиникаға дейінгі зерттеу деген бар, яғни аэрозольді оқып, уытты және канцерогендік заттардың деңгейін төмендету дәрежесін зерттейміз. ДДСҰ мен бірнеше елдердің дәрігерлері темекі түтінде болатын зиянды заттардың тізбесін әзірледі. ДДСҰ-да ол тоғыз компоненттен, Канада Денсаулық сақтау министрлігінде – 44 заттан тұрады, ал АҚШ FDA қысқартылған тізімінде – 18 зат. Біз зертханалық тәжірибемізде 58 компонентті зерттейміз. «Бұл 58 заттың құрамына этилен оксиді, стирол, формальдегид, ацетальдегид, бензприрен, фенол, гидрохинон және тағы басқалары енеді. ФМИ-дің жарияланған зерттеу нәтижелері бойынша зиянды және ықтимал зиянды заттардың деңгейі кәдімгі темекіге қарағанда 90-95% -ға азаяды.

2018 жылдың маусым айында ФМИ 12 айлық экспозициялық жауапты зерттеу (ERS) клиникалық зерттеулерінің алғашқы алты айының нәтижелерін жариялады, ал екінші жарты айда алынған деректер әлі де талданатын болады. Негізі, ERS адам ағзасының биологиялық реакциясын IQOS-ды шылым шегуді жалғастырып келе жатқандармен салыстырған. Бұл үшін ФМИ 8 маркерді таңдаған (жоғары тығыздықтағы липопротеин, лейкоциттер, СИКАМ-1, 11-дегидротромбоксан-B2, 8-эпи-простагландин-2, карбоксигемоглобин, 1 секундта мәжбүрлі экспрессиялық көлем (FEV1) NNAL). Бұл маркерлер түрлі органдық жүйелерді, ауру жолдарын және қабыну немесе тотықтырғыш стресс сияқты биологиялық механизмдерді қамтитын аурулардың пайда болуымен байланысты.

ERS-ке 984 ерікті шылым шегушілер қатысты, жарты жыл ішінде олардың 496-сы шылым шегуді жалғастыра берсе, ал оның 488-і IQOS-ға ауысты. Алты айда зерттеген нәтиже бойынша сегіз маркердің барлығы темекі шегуден бас тартқан адамдармен бірдей бағытта өзгерді, бұл сегіз маркердің бесеуі статистикалық маңызды өзгерістерді көрсетті. Зерттелген параметрлердің бірі – қандағы холестериннің деңгейі. Темекі шегу жоғары тығыздықты липопротеиннің (HDL) төмендеуіне әкеледі және төмен тығыздығы жоғары липопротеин (LDL) деңгейін арттырады және темекі шегуден бас тарту HDL мен LDL арасында теңгерімсіздікті жояды. ERS IQOS-ге ауысқандардың қалыпты липопротеин балансына сай оралғанын көрсетті. «Нәтижелер бізді одан сайын жігерлендіреді. Біздің бақылауымыздың арқасында темекіге байланысты аурулардың қаупі біршама азайды », – дейді ФМИ медициналық бөлімінің басшысы Фрэнк Людяк.

Сыни көзқарасты адам: «Әрине, жақсы естіледі бірақ дәлел қайда? Бұл ішкі зерттеу ғой, ол жерде қалағаныңды жазуға болады » – деп дау айтуы мүмкін. Сондықтан халықаралық медициналық және ғылыми қоғамдастықтың оларды қабылдаудағы маңызды қадамдардың бірі арнайы тәуелсіз сарапшылардың деректерін тексеру және растау болып табылады.

Өнімді нарыққа шығарғаннан-ақ, мұндай зерттеулер де көбейіп келеді. ФМИ есептемелерін АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды сияқты елдердің мемлекеттік ұйымдары тексереді.

Міне, ғылыми мақалалардың кейбір үзінділері келтірілген. Мысалы, Англияның денсаулық сақтау агенттігінің (Public Health England Ұлыбританияның денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті) темекі жылыту өнімдері туралы баяндамасы «тұтынушылар темекіге қарағанда зиянды химиялық заттарды көп қолданбайды» деген қорытындымен аяқталады. Бұл туралы Нидерландтың қоғамдық денсаулық сақтау және қоршаған орта институтының мәліметтері де осылай дейді. Олардың әсерін бағалау ФМИ жариялаған деректерге ұқсас. Қытайдағы темекі сапасын бақылау қызметі аэрозольдегі және темекі түтініндегі зиянды химиялық заттардың деңгейін салыстырады, «IQOS-те темекіден көрі зиянды компоненттердің аз екендігін көрсетті».

Мамыр айында Германияның Федералды тәуекелді бағалау институты (BfR) Канаданың Денсаулық сақтау министрлігі қабылдаған стандартты «қарқынды темекі шегу режимін» қолдану арқылы аэрозольдің әсерін талдаған Токсикология мұрағатында мақала жариялады. Нәтижелер жеке уыттардың саны 80-99% -ға төмендегенін көрсетті. BfR тәжірибелерінің нәтижелері, негізінен, Ондесси жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығында және Грециядағы Патрас университетінде, Жапонияның денсаулық сақтау ұлттық институтында және АҚШ-тың Темекі зертханасында жүргізілген басқа да зерттеулермен біршама үйлесетінін атап өтті. ФМИ аэрозолдық химия бойынша тәуелсіз зерттеулерді қолдана отырып, дәстүрлі темекіге қарағанда зиянды химиялық заттардың қысқартылуы туралы қорытындыларды растайды және олардың бағалау бағдарламасының басқа бөліктеріне арналған нәтижелерді ынталандырады. Осы зерттеулердің барлығы темекі өнімдерінсіз ғылыми және реттеуші талқылауларға көмектеседі.

Ресей Федерациясының Үкіметінің тапсырмасы бойынша ФМИ-дің қорытындыларын тексеру үшін Ресейде тәуелсіз зерттеулер жүргізілді. IQOS аэрозолындағы зиянды заттардың мазмұны темекі түтінінен 90 пайызға төмен екендігін, сондай-ақ IQOS-ді қолданған кезде зиянды заттардың ағзаға әсері әдеттегі темекі шегумен салыстырғанда аз екенін растайды. Атап айтқанда, Бүкілресейлік темекі, шаб және темекі өнімдерінің ғылыми-зерттеу институты IQOS-ді бес жетекші темекі брендтерімен және бір стандартты зертханалық сигаретімен (3R4F) салыстырды. Никотин мен тоғыз зиянды заттардың мазмұны ФМИ басымдық тізіміне сәйкес өлшенді. Зерттеу нәтижелері ФМИ деректерін растады. Қазан федералды университетінің зерттеушілерінің зерттеуі бойынша IQOS-ты шылым шегушілердің биохимиялық көрсеткіштерімен салыстырып көрген. Сынақ нәтижелері әр түрлі көрсеткіштер бойынша (қандағы карбоксигемоглобиннің, зәрдегі зиянды заттардың метаболиттерінің және т.б.) дәстүрлі сигареттерден жаңа технологияға ауысуды көпшілік қауым қолдап, оның кәдімгі темекіге қарағанда аса зиянды емес екені белгілі болды.

Әрине түтінсіз бұл өнімді әлем жұртына қабылдау қиындау соғатыны сөзсіз. Дегенмен әрбір инновация ұзақ мерзімді тестілеуден өтуі қажет. Құрылғының да сапасына сай арзан емес екенін де сөзге тиек еткіміз келеді. Бірақ темекі шегушілер денсаулығына мән беретін болса, бұл құрылғыдан бас тарта қоймас. Әркімнің өз таңдауы бар. Темекі шегуден бас тартып, жаңа инновацияға жол беріп, өзінің ағзасын әрі денсаулығын ойлау әрбір адамның өз қолында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз