Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шығыс Қазақстанды қызыл су әбігерге салуда

Жұқа қар мен аяз шағын бастаудың арнасына мұз кептеп, Риддер қаласының шеткі ауданына елді-мекендерге қызыл су жайылды. Заводская көшесіндегі жер үйдің ауласына жайылған мұз бірнеше күннің ішінде бір метрлік тоңға айналған. Тұрғындар күн күрт жылынған жағдайда маңайдағы бес үйге су жайылу қаупі төнеді деп отыр.

Мұз құрсауында қалған Валентина Шакернязованың ауласын еріктілер жасағы мен төтенше жағдай қызметкерлері аршуда.

«Күн сайын мұз қалыңдап жатыр. Есік алды мұз айдыннан аумай қалды», – дейді үй иесі.

Қазір қызыл судың беті қайтқан. Ал жолды алып қалған мұз төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмыстарына қиыншылық тудыруда. Әзірге жолдың мұз басқан бөлігіне күл себуден басқа амал таппай отыр. «Водоканал» мекемесі Заводская көшесінің тұрғындарына көмек ретінде су таситын көлік жіберіпті. Сонымен қайнаған су тасып, бұлақтың мұз кептелген бөлігін еріткен. Бірақ түннің суығында су қайта көтеріліп, аулаға жайылумен болған.

«Ақыры бастаудың арнасын трактордың көмегімен жырып шықтық. Содан кейін ғана су арнасымен аға бастады. Дегенмен, қалың мұздың бәрін ойып алу мүмкін емес. Күн сәл жылынған кезде техника жіберіп, сыртқа тасып тастаймыз», – дейді қалалық әкімдіктің бас маманы Аслан Мұханов.

Еске сала кетейік, Ертістен шыққан қызыл су Глубокое ауданының екі ауылына жайылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз