Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды (фото)

276

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», – дейді фейсбук парақшасында Берік Әбдіғали.

Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі соңғы жылдары тарихи орындарға баса мән беріп келеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты ведомстволарға Шығыс Қазақстандағы тарихи-мәдени орындардың «Қызыл кітабын» дайындауды тапсырған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз