Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шығыс Қазақстанда екі мектеп карантинге байланысты уақытша жабылды

ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің хабарлауынша, қаңтар айының үшінші аптасында дәрігерлер 5629 науқасқа жұқпалы респираторлы вирусты инфекция диагнозын қойды. Оның алдыңғы аптада сырқаттанғандар саны бұдан да көп болған.

Өткен жылы желтоқсанның соңғы онкүндігінде 4415 адам ауырды. Тұмау жұқтырғандар саны әсіресе, Шемонаихада көп. Ондағы екі мектепті уақытша жабуға тура келген.

«Облыс бойынша екі мектепке ғана карантин енгізілді. Мектеп оқушыларының отыз пайыздан астамы науқастанған жағдайда, мұндай шаралар міндетті. Шемонаихадағы екі мектеп қаңтар айының соңына дейін уақытша жабылады», – деп хабарлады ШҚО білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Медет Әлімғазин.

ШҚО тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті өңірдегі өзге мектептерде карантин жариялау жоспарланбағанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз