Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
15
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Швеция Covid-19-ды карантинсіз-ақ тоқтата алды ма? Өлім-жітім деңгейі қандай?

324
Стокгольм, 2020 жылдың 22 сәуірі. Сурет: Джонатан Нэкстранд

Бастапқыда «вирус жоқ, бұл үлкен ойын» деген конспирологиялық нұсқаларды жақтаушылар  Швецияның таңдаған жолына сілтеме жасады. Енді оларға карантиннен шаршаған адамдар да қосыла бастады. Бұндай пікірді жақтаушылардың ойынша, үкімет халықты бұғаттау шараларынан бас тартты, елдегі көрсеткіштер адамдарды пәтерде қамап қойған елдерден төмен емес.

Сонымен қатар, аптаның басында The New York Times басылымы оқырмандарына Швециядан үйрену керек деп жазды. Себебі бұл ел

коронавирус дағдарысымен халықты бұғаттаусыз және экономикаға қандай да бір зиян келтірмей-ақ жеңді дейді

«…Швеция вируспен күресте басқа көптеген елдер секілді жетістікке жетті», деп жазады газет тілшілері. – «Швеция тәжірибесі басқа елдердің үкіметі сақтандыру шараларын асыра қолданғанын көрсетеді».

Экономикаға бола…

Швецияның бас эпидемиологы Андерс Тегнеллдің кеңесі бойынша швед үкіметі қалаларды, әсіресе бірден бірнеше аймақты  оқшаулау бойынша қатаң шаралар енгізбеу туралы шешім қабылдады. Карантин енгізбеудің басты себебі — экономикаға келетін шығын, бұл дағдарыстың туындауына себеп болады. Негізі қорытынды:

«Адамдарды ұзақ уақытқа үйлеріне жауып қоя алмаймыз. Ерте ме, кеш пе бәрі көшеге шығады», — деді Тегнелл.

Үкімет тек әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы ұсыныс берумен шектелді. Адамдарға үйлеріңізге отырыңыздар деп өтінді.

Шветтердің көбі ұсыныс пен өтінішке құлақ асты

Дегенмен, әлі де барлар мен сауда-ойын сауық орталықтарына барып, басқалармен жақын араласуды шетемегендер де аз емес.

Қыңыр сандар

Бір жағынан, Швецияда 28 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустын көз жұмғандардың саны 2300 адамға жетті. Басқа еуропалық елдемен және АҚШ-пен салыстырғанда бұл төмен көрсеткіш секілді көрінеді.

Бірақ ауқымдырақ қарайтын болсақ, жағдайды басқа қырынан көруге болады. Төменде берілген диаграмма «Наш мир в данных» порталындағы коронавирус бойынша жасалған статистикаға сүйеніп жасалған.  Ол елдердегі өлім-жітім көрсеткішін 1 млн халыққа шаққандағы есеппен салыстырады.

 

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, Швециядағы жағдай басқа скандинавиялық елдер мен Қытайға қарағанда нашар. Тіпті бүгінгі күнде қаза болғандардың саны ең жоғары болған АҚШ-тан да нашар.

Жағдайдың өте жақсы емес екенін шведтік денсаулық сақтау жүйесі жасаған мәлімдеме де растап отыр. Сейсенбі күні ұлттық телеарналардан дәрігерлер тағы бір рет әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығы туралы еске салды. Сондай-ақ саналылық танытып, үйде болуды өтінді.

Бұл соңғы ескерту болуы мүмкін, ары қарай елде қатаң қадағалау болады. Брифинг барысында

Мамыр айының соңында Стокголмде вирус жұқтырғандардың саны 3%-ға жуық болады деп болжам жасады. Өлім-жітім көрсеткіші бойынша болжам айтылған жоқ.

Бұның барлығы жорамал ғана. Швеция өлім-жітімнің жоғарылығы мен карантиннен айналып өтуі мүмкін. Бірақ қазірде скандинавтықтар пандемияның дұрыс жолын тапты деп айту тым асығыс пікір қабылдаумен тең немесе тіпті қауіпті аргумент те болуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз