Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“… Шошып кеттім”. Алматылық заңсыз анықтама берген “ЦОН”-ды сотқа бермекші

Қызметкер көрсетілген электронды мекен-жай бойынша кімнің кіргенін тексерді. Ақырында, анықтаманың Алмалы ауданында бергені анықталды.

Әлгі қызметкер маған қарап, жеке куәлігім мен пастортымды ауыстыруға кеңес берді. Аузым ашылып қалған, түк ұқсам бұйырмасын.

Содан не керек, анықтаманы берген Алмалы ауданындағы Халыққы қызмет көрсету орталығына бардым. ол арадағы басшының орынбасары қызметкерін тауып, жағдайды тексерттім. Анықтама берген қызметкер мені мен менің тағы бір танысым туралы ақпаратты Бердинов Серік есімді «Forte Bank» қызметкеріне беріпті. Қалай сонда? Ешкім ешнәрсе түсіндіре алмады. Бір анығы, “ЦОН”-ның қызметкерлері лауазымын асыра пайдаланып, жеке адамдардың мәліметін біреулерге тарата береді.

Бұл өзі қалыпты, жылдар бойына әдетке айналған нәрсе сияқты. Департамент те бұл жайттан хабардар секілді.

Бір уақытта тағы бір қызметкер келіп, менімен “Forte Bank” қызметкері сөйлескісі келетінін айтты. Тұтқаны алғанда, ол менің несие алған-алмағанымды сұрады. Мен ешқашан несие алмағанымды айттым. Ол сандардан шатасқан болар деген болжам айтты. Әрі қарай тыңдағым келмеді…

Осыдан соң, бір сағат күткеннен кейін, банк қызметкері келді. «Глобал Капитал» ЖШС өкілі (өзін осылай таныстырды) келіп, менің банктерге келісім берген-бермегенімді сұрады. Айтуынша, банкке келісім берген болсам, олар мен жайлы анықтама ала алады екен. Мен ондай келісім бермегенмін. Бұның не қатысы бар десем…

Әбден абыржыған “ЦОН” қызметкерінің бірі, анықтамалардың осы «Глобал Капитал» ЖШС арқылы берілетінін айтып қалды. Міне, керек болса саған!

Демек, “ЦОН”-ның кей қызметкерлері жекеменшік ЖШС мен банктермен ауыз жаласады. Ал, біз мұнда жемқорлық жоқ деп ойлаймыз. Бұлай жалғаса берсе, не боларын елестете беріңіз.

Осы кезде Олег Чернов келіп жағдайдың тексерілетінін, шара қолданатынын айтты. ЖШС қызметкері менің телефон нөмірімді алып қалды, ал екіншісі, мәселені «өз арамызда» шешейік деп сыбырлады. Жарайды, менімен шешілер. Ал, басқа мыңдаған адамды қайтеміз сонда? Олардың барлығы алаяқтарға құрбандыққа шалына бере ме осылай?» – деп жазды Анна Димитриевич.

Ал “Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының” баспасөз қызметі басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов желіде жазба қалдырып, аталған істің тексерілетінін, кінәлілердің міндетті түрде жауапқа тартылатынын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз