Жақында ғана қуанышты хабарымен дүйім жұртқа бөлісіп, алғаш рет әке атанған Алл Давай әншісі Шоқан Маратұлы 1 айлық сәбиін шомылдырамын деп дауға қалды.
Әдетте бүлдіршіндерді кішігірім арнайы ваннаға шомылдыратын еді, Шоқан бірден суға толы үлкен ваннаға шомылдыруға кірісіп кетіпті. Бәлкім, қазіргі балаларды шомылдырудың жаңа тәсілі ме, әлде жас әкенің тәжірибесінің жетпегені ме біз білмедік. Жұрт та түсіне алмай дал болуда.