Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

ШҚО елімізді баламалы электр қуатымен қамтамасыз етеді


Шығыс Қазақстанда жел, күн және су электр стансаларын салу идеясы өзекті, өйткені өңірдің бұл тұрғыда әлеуеті жеткілікті. 2018 жылы «жасыл» стансалар Жарма, Ұлан және Зырян аудандарында пайда болады. Қазіргі күні Зырян ауданындағы Тұрғұсын өзенінде Тұрғұсын ГЭС-1 құрылысы қарқынды жүріп жатыр. ГЭС-те өндірілетін орташа жылдық энергия – 79,8 млн. КВт.

Сондай-ақ баламалы қуат көзін пайдалану бағытында Жарма ауданында екі жоба қолға алынған. Олар: Шар кентінде салынып жатқан жел электр стансасының құрылысы мен Жанғызтөбе кентінде салынатын қуаты 25 МВт-тан 200 МВт-қа дейін жететін жел электр стансасы. Сондай-ақ осы елді мекенде жылына 30 мегаватт қуаттылығы бар күн электр стансасының құрылысы аяқталуда. Айта кетсек, бұл жоба Энергетика министрлігінің энергия өндіретін ұйымдар тізіміне енгізілген.

Сондай-ақ Ұлан ауданының Тайынты ауылында «Тайынты ЖЭС» жобасы іске асырылуда. Оның қуаты шамамен 25 МВт болады. Мұндағы басты артықшылық – жел қондырғылары экологиялық жағынан таза, ауаны ластамайды.

“Жарма, Зырян және Ұлан аудандарының әкімдері осы жобаларды жүзеге асыру бойынша ай сайын кездесулер өткізіп, оларға жан-жақты қолдау көрсетуі керек. Өйткені, біз «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесінің жетекші бағыты болып табылатын «жасыл» экономиканы дамыту аясында осы жобаларды іс жүзіне асырып жатырмыз”, – деді Даниал Ахметов.

Жел турбиналары, күн қондырғылары және жаңа су электр стансалары биыл аймақтағы энергия тапшылығын жойып қана қоймай, көрші аймақтарды арзан электр қуатымен қамтамасыз етеді.

Жалпы айта кетсек, «ЭКСПО-2017» – бұл тек «жасыл» энергетика ғана емес, сонымен қоса экологиялық таза өндіріс технологиялары. ЭКСПО көрмесінде 140 жуық ғылыми өнертабыс көрсетілсе, Шығыс Қазақстаннан 6 жоба ұсынылды.

Айта кетейік, Астанада өткен ЭКСПО көрмесін Шығыс Қазақстан облысынан барлығы 30 мыңға жуық оқушылар мен студенттер тамашалап қайтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз