Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ШҚО-да жыл басынан бері 15 жұмысшы қаза тапқан

Жиында сөз алған мемлекеттік еңбек инспекциясы облыстық басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов жыл басынан бері өзі жетекшілік ететін ведомствоның еңбек ұжымдарындағы 417 бұзушылықты анықтағанын алға тартты.

Еңбек адамының құқығын бұзудың ең өрескел формасы – еңбекақысын толық төлемеу не болмаса уақытынан кешіктіріп төлеу.

“Облыста жыл басындағы жағдай бойынша еңбекақы берешегі 705 миллион теңгені құраған-ды. Инспекцияның араласуымен қазір бұл қарыздың 606 миллион теңгесі төленген. Қалған берешегі бар 6 кәсіпорнымен жұмыстар жүргізілып жатыр”, – деді Бақытбек Қизатов.

Осы ретте атап өтерлік мәселе – көптеген жұмыс берушілердің еңбеккерлермен тиісті шартты жасаспауы. Осыдан келіп көптеген түйткілдер туындап жатады. Сол себепті әр азамат жұмысқа орналасқан сәтте еңбек шартының жасалуын қатаң талап етуі тиіс.

Осы ретте қазір Үкімет еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруді бастап отыр, оның мақсаты – саладағы жариялылықты қамтамасыз ету.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз