Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

ШҚО-да республикалық жол қозғалысы жас инспекторларының слеті жалғасуда

322

Саптық байқауға ҚЖИ жасақтары салтанатты киім нысанында келді. Қазылар алқасы саптық ережелерге сәйкес қатысушылардың сыртқы келбетін, саптық тәсілдер мен қимылдарын бағалады.

Велосипедті мәнерлеп жүргізуге қатысушылар велосипедті басқарудағы өздерінің шеберлігін көрсетіп, «сегіздік», «слалом», толқын, «науа», көлбеу тақтай, «әткеншек», түрлі биіктіктегі кермелерден жүріп өту сияқты түрлі бөгеттерден өтті.

Автоқалашықта велосипед жүргізуде әр қатысушы арнайы белгіленген маршрут бойынша шынайы жол жайғдайларына барынша жақындатылған жағдайларда бағдарлана білуін көрсетіп, автоқалашықты өтуі қажет болды.

Аталған жарыс кезеңінің қиыншылықтарына қарамастан балалар алдарына қойылған міндеттерді лайықты деңгейде орындап шықты.

Жексенбі күні слет қатысушылары үшін қызықты өтті. Жас қозғалыс инспекторалы «Үздік үгітбригадасы» байқауында сынға түсті.

«Автокөліктің тежеуіш жолы» байқау тақырыбы алдын ала берілген болатын. Қазылар алқасы сюжеттің мазмұны мен жаңашылдығын, тақырыптың анық және түсінікті баяндалуын, орындау шеберлігін, шығармашылық бастаманы, көрсетілім реквизитінің функционалдылығы мен оны үйлесімді қолданылуын бағалады.
Барлық он сегіз ҚЖИ жасағы бес минут уақыт ішінде түрлі жанрларда ұтымды, әсерлі және көңілге қонымды мәнерде берілген тапсырманың басты ойын жеткізді.

Үгітбригадалар байқауы туралы түсініктеме берген ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің ресми өкілі Ирини Лукьянина байқаудың маңыздылығын атап өтті. Себебі оған дайындық барысында балалар берілген тапсырманың маңызын, ауқымдылығын сезінді, оны болашақта мектептерде, балабақшаларда дұрыс жеткізе білетін болады.

Жас қозғалыс инспекторларының слеті жалғасуда. Байқаулар бағдарламасының басым бөлігі аяқталды, бүгін оқушылар Өскемен қаласының көрікті жерлерімен танысуға және алдағы байқауларға дайындық жүргізуге мүмкіндік алды.

Дереккөз: ШҚО ІІД баспасөз қызметі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз