Қайғылы жағдай Үржар ауданындағы Некрасовка ауылында болған.
Бұл туралы Baq.kz хабарлады.
Бұл ақпаратты ауылдағы мектептегілер растады. Мектептегі қызметкерлер ондай жағдай 7 сәуір күні болғанын айтты.
Педагог-психолог мектеп қабырғасында босанып, нәрестесін далада орналасқан дәретханаға тастай салған.
«Сәби шетінеп кетті. Мұғалім тұрмысқа шықпаған», – дейді мектептегілер.
Үржар аудандық білім басқармасы төтенше жағдай туралы пікір білдірді.
«Бізге бұл туралы мектеп директоры хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай ақпарат білмейміз», – дейді басқармадағы маман.