Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Шетелдік сарапшылар: “Қазақстандағы ғарыш саласы қарқынды дамып келеді”

133

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ғарыш технологияларының дамуын жоғары бағалады

Өз кезегінде Қазақстандағы ғарыш мамандарымен тығыз байланыс орнатқан «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы басқарылатын ғарыш кешендерінің бас құрылымдаушысы – Бас құрылымдаушының бірінші орынбасары Сергей Романов және «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «Энергия» зымыран-ғарыш корпорациясы өкілдігінің директоры генерал-лейтенант Леонид Баранов Елордадағы Ұлттық ғарыш орталығында болды.

Шара барысында танымал Airbus Defence және Space еуропалық концернінің Франциядағы бөлімшесінің аға вице-президенті Хьюг Лаппорт-Вейвад еліміздегі ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазғарыштың 25 жылдық мерейтойына орай мерекелік арнайы медальды мойнына тақты.

Хьюг Лаппорт-Вейвад өз сөзінде еліміздегі және жалпы әлемдегі ғарыштық қызмет көрсетудің ең озық деген техникалық үлгілерін пайдалана отырып, KADEX-2018 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған осынау форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ғарыш технологияларының дамуын жоғары бағалады

«Осы уақыт аралығында ғарыш саласындағы келешектегі ұжымдасып, бірлескен бағдарламалар бойынша Қазақстандағы ғарыш саласындағы әріптестерімізбен көптеген маңызды кездесулер, келіссөздер өткіздік. Шара барысында Airbus Defence and Space  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен KazEOSat-1, KazEOSat-2 жер серіктеріндегі кескіндерді халықаралық таратуға қосымша келісім жасалғаны біз үшін үлкен жетістік», – деді өз сөзінде франциялық компанияның жетекшісі. Сондай-ақ, Хьюг Лаппорт-Вейвад осы марапатқа ие болу ол үшін үлкен марапат екендігін атап өтті.

Ал Thales Alenia Space франциялық компаниясы Италиядағы бөлімшесінің вице-президенті Джузеппе Матараццо өзінің презентациясында кәсіпорнының табысы туралы айтты.

Матараццо KazSa жобасында Қазақстанмен табысты көпжылдық ынтымақтастықты атап өтіп, итальялықтардың осы бірлескен жұмысты мақтан тұтатынын тілге тиек етіп, бұл жемісті жұмыстың әрі қарай да жалғасын табарына сенім білдірді. 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз