Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шетелдік дәрігерлер мен ата-аналар вакцинацияға қалай қарайды?

478
detkiportal.ru

Канада: ата-аналар өздері шешім қабылдайды

Мэттью Девани

Канадада екпеге консервативті көзқарас. Көптеген ата-ана, әсіресе бала жаңа туған болса, өте сақ қарайды. Вакцинация мен вирустарға қатысты кейбір мәселелер алаңдатпай қоймайды, бірақ бұл тақырыпты талқылағылары келмейді.

Фармацевтикалық компаниялар әртүрлі бағамен екпенің үлкен ассортиментін ұсынады. Кейбірі алып тасталса, басқалары біртіндеп қосылып отырады. Бірақ медқызметкерлер абайлап егуді ұсынады.

Канадада шешімді әрқашан ата-ана өзі қабылдайды, ал АҚШ-та таңдау құқығы жоқ,

балаларға вакцина егу міндетті. Ата-аналар Канаданың Денсаулық сақтау саласына сенеді, көпшілігі вакциналар мен егудің зияны туралы білмейді де және көпшіліктің қарсы көзқарастарын түсінбейді.

Канадада балалардың көбі бірнеше екпе алады, бірақ ата-аналардың пікірі әрдайым ескеріледі.

Корея: екпе жасату міндетті

Лола Икрамбаева

Мен корей азаматына тұрмысқа шығып, Кореяда тұрып жатқаныме осымен 8 жыл. 7 жас, 3 жас және 11 айлық үш қызымыз бар.

Кореяда туған кезде бірден БЦЖ, гепатит, дифтерия, сіреспе, қызылша және ротавирустан екпелер қойылады. Барлығын мемлекет төлейді. Сондай-ақ, туристерге де жапон энцефалитінен екпе жасайды.

Кореяда әр баланың өз екпе картасы бар, оны мектептер мен балабақшаларда қарайтын болады. Қызылшаға қарсы екпелер бала туғаннан кейін бесінші немесе жетінші күні жасалады.

Егер Кореяда кенеттен эпидемия пайда болса, жаппай міндетті вакцинация басталады. Жыл сайын көктемде және күзде балалар тұмаудан егіледі.

Кореядағы аналар вакцинацияға қарсы емес

және алдын ала жасалатын кестені қатаң қадағалайды.

Көптеген ата-аналар баланы отандық дәрі-дәрмектермен — көкөніс пен емдік шөптердің сығындыларымен емдеуді дұрыс көреді. Бұл иммунитетті нығайтудың бір жолы.

Израиль: қолдайтындар да, қолдамайтындар да бар

Дина Мейдбраер

Израильде көптеген ата-ана екпеден бас тартты. Бізде екпе жасатуға мәжбүрлемейді. Және вакцина алмаған балаларды балабақшалар мен мектепке орналастыруда мәселе туындамайды.

Кейбір жеке ауруханаларға ғана егілмеген балаларды қабылдамайды

Израильде әр баланың өз екпе картасы бар. Балалар екпесін кәдімгі емханаларда емес, арнайы мекемелерде жасайды (ивритте “типат халав” — сүт тамшысы). Мұнда екпе салдырту үшін ғана келеді, науқастар мен жұқтырғандар болмайды. Бұл жерде бірнеше айда бір рет сәбидің дамуы да тексеріледі. Педиатрдың екпелерге ешқандай қатысы жоқ.

В гепатитінен екпені перзентханада жасайды, ал алғашқы АКДС-ті 2 айында егеді. Бір жасында қызылшадан, желшешектен, қызамықтан егеді.

Facebook-те мен израильдік екпе туралы парақша тауып алып, көптеген жаңа ақпарат алдым. Басқа мәліметтерді білгеннен кейін кейбір вакциналардан бас тарттым, мысалы, ротавирус пен тамшылардағы полиомиелитке қарсы. Ротавирус сондай бір қауіпті ауру емес және көп жағдайда егілген балалар да екпесіз балалар сияқты ауырады. Ал тамшылардағы полиомиелит иммундық аурулары бар халықтың қорғалмаған топтарын қорғау үшін қажет.

Израильде ата-аналар, бүкіл әлем сияқты, “қолдаушылар” және “қарсы топ” болып бөлінеді

Мен екпелерге өте абаймын. Күйеуім екеуміз балаларға екпе салдырамыз деп шештік, бірақ мұқият таңдаймыз және мүмкіндігінше бөліп-бөліп салдыртамыз. Егер бала екпеден кейін қызуы көтеріліп, әлсіздік сезініп қана қоймай, бұдан да қатты реакция туатын болса келесісін алмаймыз.

Нидерланды: таңдау бар

Зарина Байжуманова, Нидерланды

Біз күйеуіммен Нидерландыға көшіп келгенімізге 6 жыл болды. Ұлымыз Таир қазір үш жарым жаста.

Нидерландыда ата-аналарға екпе жасату, не жасатпауға таңдау берілген. Менің жергілікті медицинаға мен жергілікті вакциналардың сапасына күмәнімім болған жоқ. Дәрігерлерге сенемін, сондықтан балаға барлық қажетті екпелерді жасаттық. Таирда асқынулар да, салдары да болған жоқ.

Балаларды емдеудің голландиялық әдістері біздің үйреншікті әдістерден ерекшеленеді

Голландықтардың менталитеті басқа, өмір сүру жағдайы және медицинаға көзқарасы өзгеше. Қараша айында олар далаға жеңіл киініп шығады немесе көшеде жалаңаяқ жүре береді. Бұл баланың денсаулығы үшін өте пайдалы, себебі ағза шынығады.

ЖРВИ-мен дәрігерге жүгінгенде, дәрі-дәрмектер мен түрлі препараттардың ұзақ тізімін алмайсыз. Тек парацетамол мен төсек режимін жазып береді. Мұнда ағза аурулармен өзі күресуі тиіс деп есептейді және осылайша иммунитет нығаяды деп сенеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз