Айсәуле Бақытбек шешесі Баян Алагөзова құсап әлеуметтік желідегі парақшасын танымал ете түсу үшін барын салып жатыр.
„Айсәуле-Айару„ деп аталатын парақшасына күнделікті сурет немесе видео салып отырған Айсәуле желідегі жұртты өзіне тіркелуге үнемі шақырып жүр. Жарнамасы дұрыс болмай жатыр ма, әлде парақшасына тіркелген адам санына көңілі толмады ма, соңғы күні Айсәуле жерлесі Айжан Байзақованың амалына көшкенді жөн көрген секілді. Әрине, ол секілді шешініп тастаған жоқ. Бірақ негативтен де адам жинауға болатынын ол ұққан секілді.
Сөйтіп қорқор шегіп, Айсәуле өз парақшасынан тікелей эфирге шықты. Желіде бірден жағымсыз пікірлер бұрқырап, Айсәуленің естімеген ауыр сөзі қалмады. Ақыры ол шыдамады, тікелей эфирді тастап кетті…