Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Шерхан Мұртаза Кеңсай зиратына жерленетін болды

Қазақ журналистикасында «Шерағаңның шекпенінен шықтық» деген тіркес бар. Себебі, Шерхан Мұртаза «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеті, «Жалын» альманағы және «Жұлдыз» журналын басқарған жылдары қаншама сөз зергерінің жолын ашып, қанаттандырды. Баспасөзді идеялық тұрғыдан түрлендіріп, саптыаяқтың сабына қарауыл қойған шақта шындықтың жүзіне қаймықпай тура қарады. Кезінде “халық жауы” атанған Мұртазаның баласы осылай қаламды қару етті. Мұның барлығы туған жері киелі Жуалы топырағынан бойына дарыған асыл қасиет болатын.

“Ең соңғы рет былтыр жазда келіп кетті. Оның өзінде жағдай онша емес, ауруы меңдеген кезі болатын. Сағынышын сол дауыстап айтпаса да көзқарасымен білдіріп, сол соңғы келуі екен ғой”, дейді Шерхан Мұртазаның туысы.

Шығармашылық жолын, өзі айтқандай, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистикадан бастаған Шерхан Мұртаза әдебиетте қадау-қадау туындылар   қалдырды. Өзгесін айтпағанда, халық жазушысының Тұрар Рысқұловтың өмірін арқау еткен «Қызыл жебе» және өзі жайындағы «Ай мен Айша» романдары қазақ руханиятының асыл қазынасына тең. Ал оның Парламент қабырғасында жүрген шағында ел мен жердің тағдырын ту етіп, қысастыққа көрсеткен табанды қарсылығы әлі күнге дейін жұрттың жадында.

Енді шындықтың шырақшысы ақиқат алдаспанын кімге аманаттап кетті деген сұрақ бәрімізді мазалайтыны сөзсіз. Бәлкім, өзі айтқандай, “бір кем дүние” деген осы шығар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз