Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шенеуніктер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

150

Апат Фарах провинциясындағы Анар-Дара қаласына жақын маңда тіркелген. Ауған әскерінің Фарах провинциясындағы ресми өкілі Нурулхак Холики тікұшақта шамамен 20 адам болғанын хабарлады.

Олардың арасында Фарах провинциясы кеңесінің басшысы Фарид Бахтавар, провинция кеңесінің мүшесі Жамила Амини және 207-әскер корпусының қолбасшысы Негматуллах Халил болған.

Холикидің айтуынша, тікұшақ Гератқа ұшып бара жатқан, ауа райының қолайсыздығына байланысты ол тауға соғылған. Жолаушылардың тағдыры туралы мәлімет әлі түспеді, деді ауған әскерінің өкілі. Бірақ жергілікті ақпарат құралдары апаттан ешкім аман қалмағанын хабарлап үлгерді.

Апат себептері анықталып жатыр. Анордара ауданына құтқарушылар тобы жеткізілді.

Бұл уақытта, Ariana News порталы апат жауапкершілігін “Талибан” қозғалысы мойнына алғанын хабарлаған. Тәліптер әскери тікұшақты “содырлар атып түсірді” деген.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз