Бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозли «twitter» желісіндегі жеке парақшасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін уақытын жариялады.
«Канело» және GGG – 17 қыркүйек! Меніңше, қыркүйек айында бұл жекпе-жекке тең келер кездесу өте қоймас. Жыл жекпе-жегі болады. «Golden Boy Promotions» атқарған керемет жұмыс!
– Сіздер «Канело» мен GGG келісімге келгенін әлі естімеген боларсыз? Келіссөздер аяқталды. Сіз мұны бірінші болып оқып отырсыз. Менің жекпе-жегім 28 мамыр күні өтеді. Ал «Канело» мен GGG – 17 қыркүйекте, – деп жазды Шон Мозли.
Айта кетейік, 7 мамыр күні Сауль Альварес Лас-Вегаста Амир Ханға қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Енді WBC ережесіне сәйкес мексикалық қазақстандық боксшымен кездесуі тиіс. Қос боксшы промоутерлерінің келіссөздер жүргізуіне жарты он күндей уақыт қалды.