Нұр-Сұлтан
Қазір
-28
Ертең
-23
USD
460
+0.45
EUR
496
-0.43
RUB
4.97
+0.04

“Шэ-шэ” жоқ, “Тhank you” жоқ. Димаш гала-концертте неге көңілсіз болды? (видео)

300

Дегенмен мән-мағынасын түсінбесе де, ән әуеніне елтіп, көз жасына ерік беріп, егілген көрермендер де жетерлік.

Әнді аяқтаған соң Димаш көрермен қауымға “Үлкен рақмет” деді. Маэстроға да ілтипат білдіріп, оны тура осылай қазақша жеткізді. Сөйтіп сахнадан тездетіп кете барды.

Ешқандай да “Шэ-шэ”, “Тhank you very much” болмады.

Димаш сондай көңілсіз

Димаштың бұл көңілсіз күйін түсінуге болады. Өйткені байқаудың қорытынды кезеңінде оның микрофоны істемей қалып, қатты қобалжып еді. Мұны Димаш ауыр қабылдаған секілді, құдды кеше бетіне күліп жүргендер орайы келгенде жауырынына қанжар сұққандай. Осылайша Димаштың бала, ақ көңіліне, қазақы кең жүрегіне кірбің түскен еді. Сол әлі шайылып кетпей жатқан секілді.

https://kaz.365info.kz/kontraktimen-bajlap-khojypty-dimash-khytajdan-zhakhyn-arada-oralmajdy-258882

Сол аяқтан шалған кез – қорытынды өнеріне пікір білдірген Қытайдың атақты әншілерінің бірі: “Димашқа бұлай қобалжуға болмайды, бұл – бізде қалыпты жағдай”, деген еді. Бұл видеоны салып та отырмыз. Бірақ сөздері қытайша. Сондықтан оның аудармасын сөзбе-сөз бере кетсек дейміз. Ол:

“бұл сайыстың фавориті Димаш пен Терри Лин еді, өкінішке қарай, әдеттегі жағдай орын алды”

…Димаш жас қой, сондықтан оған жүйкесін сақтау керек, қатты қобалжуға болмайды. Дегенмен жарап тұр, түк білдірмеді, жақсы айтып жатыр. Лаура да тамаша. Іліп әкетті, Димаштың микрофонының істемей қалғанын білдірмей жатыр, ол біледі ғой, ондай-ондай болады, басынан талай өткен. Өте өкінішті. Өйткені алдыңғы орындаулар бұларды орап кетеді, жақсы айтылды. Алдындағы бір әншінің микрофоны да осылай болды ғой. Сөйтеді енді, бұлар…

Бақыт есімді қолданушы бұл пікірге былайша өз ризашылығын білдіріпті:

https://kaz.365info.kz/i-oryn-alar-edi-akhtykh-synda-dimashtyn-mikrofony-istemej-khaldy-khytaj-sajty-258621

“Чея Чжен, саған көп рақмет! Шынайылығың үшін. Иә, Димаш қатты қобалжыды, сол микрофонды қырсық шалды емес пе? Лаураға да рақмет, ол жақсы демеу болды, рас кәсіби шебер екен, мұндай жайтқа ол әрдайым дайын секілді. Егер қытайлыққа берсе, расында Терри Лин – бірінші”.

https://www.youtube.com/watch?v=00sxkmcJ88s

https://www.youtube.com/watch?v=ja9PABp94A8

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз