Аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, даңқты спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Жамбыл облысында ауыр жол апатына ұшырады.
Апат Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған. Toyota Land Cruiser тізгінінде UFC-дің танымал жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отырған. Көлік салонында Рахмонованың ұлы және екі құрбысы болған.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.