Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

“Шашым-аййй…”. Желіде анасымен бірге ән айтатын қыз өзін сынағандарға жауап берді (видео)

199

Гүлмира Ізбасқанова анасымен бірге ән айтып, әлеуметтік желіні шулатқан еді. Олардың өнеріне тәнті болған тыңдармандар бірімен-бірі бөлісіп, жеке парақшаларына салып, қызу талқылап жатыр. Екеуінің де даусы альт, яғни әйел адамның төменгі даусы болғандықтан, қызы бірге ән айтуға ұсыныс білдіргенде, анасы да бірден келісе кеткен.

Шымкент қаласының тумасы Гүлмира – үйдің кенжесі. Бала кезінен өнерге жақын қыз 6 жасынан бастап түрлі байқауларға қатысты. Бертінде «Қазақстан даусы» мен Қытайда өткен «Талант шоу» байқауларының ақтық кезеңіне дейін жеткен. Бүгінде оқу орнында вокалдан сабақ беріп жүр.

Шоу-бизнестегі түрлі қиындықты өткеріп жүрген Гүлмираны шаш үлгісі үшін сынайтындар аз емес. Тіпті, оны ұлға ұқсатып, желіде «қыз не ұл екенін түсіне алмадым» дейтіндер де баршылық. Өз кезегінде Гүлмира Ізбасқанова өзіне осы тәрізді сын айтушыларға жауап берді.

 

 

«Өзіме жазылатын пікірлерді оқимын. Алайда мән бермеуге тырысамын. Десе де қатты жүрегіме тиетін сөз жазғандарға: «Рақмет сізге, Алла разы болсын! Сіздің жолыңыз ашық болсыншы», – деп жауап беріп, «лайк» басып кетемін. Себебі анам үнемі «таспен ұрғанды аспен ұру» керектігін айтып отырады.

Қараша айында белгілі бір себептермен шашымды алған болатынмын.

Шашым болмағаннан кейін, бастапқыда кепканы оң қаратып киіп жүрдім. Алайда жараспайтын сияқты көрінгеннен кейін кепканы теріс қаратып киіп едім, өзіме ұнады. Және мен спортқа жақынмын. Мектепте, университетте оқыған кезімде футбол, волейбол, үстел теннисінен түрлі жарысқа қатысып, орын алып келетінмін», – дейді жас әнші.

Ал жас әншінің ата-анасы да өнерден алшақ емес көрінеді. Сондықтан қызының өнердің тізгінін ұстағанына еш қарсы болмаған. Тіпті, «Болшы сен жанымда» атты алғашқы әрі әзірге жалғыз бейнебаянын түсіру үшін қарыжылай қолдау көрсеткен екен.

Сондай-ақ, бағдарлама барысында Гүлмира өзінің алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Бұйырса, жаңа әндер жаздырып, өзімнің жеке ән кешімді бергім келеді. Осындай мақсатым бар», – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз