Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Тегін тасымаймын ғой…”. Алматыда көлік ішінде жыныстық қатынас жасағандар ұсталды

587

Аула үлкен. Ағаш қалың. Ол жерде күндіз балалар ойнаса, кешкілік жұрт жұмыстан келген соң машиналарын қоятын стоянкаға айналдырып алған. Тізілген машиналардың ортасында өңкиген қара джип тұр. Көршілердің бәрі соның маңына жиналып қалыпты. Таң атпай осы ауланы сыпырып жинайтын Валя кемпірдің дауысы қатты шығады.

«Күнде таңертең аула сыпырып жүріп, үнемі презерватив жинайтын болдым. Осындай бөтен көліктер аулаға кіріп алып, қараңғы бұрышта жынойнақ жасайды. Шыдай алмай бара жатсаңдар, қонақүйге барыңдар, пәтер жалдаңдар. Қыздарыңды машинаға салып алып келіп, қараңғы бұрышта секспен айналысқанша. Қазіргі қыздардан да қадір кеткен, көрінгеннің машинасына мініп келіп, соның ішінде ойнап-күліп жата береді. Ең құрымағанда пайдаланған резеңкелерін жинап кетсе бір сәрі ғой. Көрінген жерде шашылып жатады. Бұл жерде балалар ойнайды. Қызық көріп мүшеқапты қолына ұстауы мүмкін. Содан ауру жұғады».
https://kaz.365info.kz/khatty-khozdym-bojzhetken-zhynystykh-khatynas-kezinde-zhigitin-khylkhyndyryp-oltirip-aldy-309256
Аула сыпырушы кемпір ұзақ сөйледі.

«Қазір полиция шақырып. Ұстатып жібереміз» деп қорқытып қояды.

Джиптегі жап-жас қыз бен жігіт «біз көлікте тек музыка тыңдап отырмыз. Ештеңе істеген жоқпыз. Жіберіңдер, кетеміз. Енді бұл жерге келмейміз» деп шыр-шыр етеді.

Ақыры «енді келмеңдер» деп Валя кемпір оларды жіберді. Көршілер пыш-пыш өсек айтып біраз тұрып тарқасты.

Рас, мұндай оқиғалар қалада жиілеп кетті.
https://kaz.365info.kz/kolikte-boldykh-kyjeuinin-basyn-khalaj-ajnaldyrganyn-ajtkhan-kelinshek-kozine-zhas-aldy-322004

Қазір көрінген аулада таңертеңгісін мүшеқаптар шашылып жатады. Неге?

Өйткені қазіргі жастар танысқан қыздарымен көшеден қалтарыс тұрған қараңғылау аулаға кіріп кетеді. Сосын машинаның ішінде істерін істесіп алып, қауіпсіздік үшін пайдаланған презервативтерін лақтырып кете барады.

Ертесін ол аулада балалар ойнайды, үлкендер жүреді деген ой келмейтін сияқты. Үйге кіріп бара жатып, қызметтес серігім, әрі ұжымда сал-сері атанған Жолдасбектің айтқаны есіме түсті.

Ол:

«машина алғаным жақсы болды. Қазір танысқан қыз-келіншектерді қонақ үйге жетелеп апарып, не болмаса пәтер жалдап ақша шығындамайтын болдым. Кешкілік қараңғы түсісімен қаладағы кез-келген аулаға кіріп кетіп, әлгі қыз-келіншектердің «шаруасын» реттеп тастаймын. Автосекс деген рахат екен. Артық тиын шығармайсың. Қазір жұрттың көбі автосекпен айналысып кетті»,

деп еді.

Демек, әлгі Валя кемпір ұстап алған жастар да сол автосекспен айналысып жүргендер болды ғой.

Не дейін? Басымды бір шайқап үйге кірдім.

Бұл да бір індет. Алдын алмаса болмайтын шығар.

Жомарт Серікбай
https://kaz.365info.kz/ynkhyldap-ketti-yshakh-ishinde-zhynystykh-khatynaskha-tysti-video-320780

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз