«Қара қызым» әнімен көпшіліктің жүрегін жаулаған әнші Асан Пердешов әйелімен ажырасып кеткенін, енді екінші рет үйленуге асығып жүргенін айтты.
КТК арнасының «Инсталайық» бағдарламасына берген сұхбатында Асан жұбайын шапалақпен тартып жібергенін, дәм-тұздары жараспағандықтан айырылысып кеткендерін мойындады, деп жазады Stan.kz.
Алла бұйырса алдағы уақытта өмірлік жарымды жолықтырамын деген ойдамын. Жолығып қалатын шығар», – деді Асан ағынан жарылып.
Әнші әйел затына қол көтеруді құптамайтынын айтты. Десе де ашу үстінде бұрынғы жарын шапалақпен ұрып жібергенін мойындады.
«Қатты ашуланған кезде ұрған жоқпын енді, бірақ бетін қайтарсам деген ниетпен шапалақ көрсетіп дегендей… Әйел затына қол көтеру деген сөз – өз-өзіне қол көтеру деген сөз ғой. Сондықтан дұрыс емес деп ойлаймын. Ұрып ешкімді жеңе алмайсың», – дейді Асан.