Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шамалған станциясында бірегей көпір пайдалануға берілді

167

Енді жолдың осы бөлігінен өту  қауіпсіз болды. Алматы облысының Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы мен «РСУ-13» ЖШС мердігерлік компаниясының өкілдері жұмыстың сапалы және мерзімінде орындалғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде 2019 жылдан бастап облыстық маңызы бар «Алматы 1 – Шамалған станциясы – Ұзынағаш» автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгін біз бір жыл бұрын болған қайғылы оқиғадан кейін жаяу жүргіншілер көпірінің ашылу салтанатына жиналып отырмыз. Біз тұрғындарға көпір саламыз деп уәде бердік. Бір жыл ішінде жоба әзірлеп, сараптама жасап, жергілікті бюджеттен жаяу жүргіншілер өткелін қайта жөндеуге 365 млн теңге бөлінді, —

деп атап өтті облыс әкімі Амандық Баталов. —

Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның аясында республикалық бюджеттен 105 млрд теңге бөлінді. Облыста жолдарды, мектептерді, ауруханаларды, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерге жөндеу жүргізілуде.

Жаяу жүргіншілер көпірінің ұзындығы-61,56 метр, биіктігі-9 метр. Нысан пайдалануға беріледі».

Инженерлік желілерді, байланыс желілерін көшіру, іргетас астындағы топырақты тұрақтандыру, іргетастың монолитті плиталарын төсеу, баспалдақ жолдарының металл бағаналарын, электрмен жабдықтау желілерін және жарықтандыру жабдықтарын орнату бойынша жұмыс аяқталды.

«Бұл бірегей жоба. Көпірде сәндік шағылысатын панельдер орнатылып, аумағы толығымен абаттандырылған. Құрылыс жұмыстарына 364,5 млн теңге бөлінді», —

деді Алматы облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жасыбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз